• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:04:12
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2018 Әлем

Қытай билігі Оңтүстік Корея мен КХДР басшыларының кездесуін қолдады

Ким Чен Ын шекараны бөліп тұрған сызықты өтіп, оңтүстік аймаққа аттап басқан алғашқы КХДР президенті болды.

Қытай тарапы Оңтүстік Корея мен КХДР басшыларының кездесуінен оң нәтиже күтеді. Бұл туралы жұмада ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді.

Бүгін КХДР президенті мен Оңтүстік Корея президенті демаркациялық желіде кездесті. Ким Чен Ын шекараны бөліп тұрған сызықты өтіп, оңтүстік аймаққа аттап басқан алғашқы КХДР президенті болды.

«Біз бүгін теледидардан тарихи сәтке куә болдық. КХДР және Оңтүстік Корея басшылары әскери-демократиялық линияны кесіп өтіп, бір-бірінің қолдарын қысты. Біз екі тараптың бұл қадамдарын қолдап, оны саяси батылдыққа балаймыз. Бүгінгі тарихи кездесудің нәтижесі оңынан болатынына сенімдіміз», - деді брифинг барысында Хуа Чуньин.

Сонымен қатар Хуа Чуньиннің пікірінше, бұл кездесу – Корей түбегіндегі тыныштық пен бейбітшіліктің алғашқы қадамы.   

Өткен аптада Ким Чен Ын КХДР ядролық және зымырандық сынақтарды 21 сәуірден бастап тоқтатты деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Пхеньян ядролық қаруды қолданудан бас тартты. Және де Солтүстік Корея ядролық технологияларды басқа мемлекеттерге бермеуге уәде берді.

Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы Оңтүстік Кореяның Пхенчхандағы Олимпиадаға дайындығы барысында болды.  Солтүстік Корея спортшыларының Олимпиада ойындарына қатысуы, сондай-ақ Оңтүстік Кореяға Ким Чен Ынның әпкесі мен Оңтүстік Корея президентінің арнайы өкілдерінің КХДР-ға сапары әсер етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір