• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:19:21
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2017 NEWS

Қыркүйек айында елімізде күн жылы болады

Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды

Синоптиктер қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Елімізде қыркүйек айы жылы болады. Бірақ еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысы жаңбырлы болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Болжам бойынша, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып, ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтілуде.

4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12...20 градус жылы, күндіз 20...28 градусқа дейін жылы;

6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстікте және орталықта, 8-10 қыркүйекте шығыста түнде 7...15 градус жылы, ал күндіз 17...25 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12...20 градус жылы, күндіз 22...30 градусқа дейін жылы.

8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік-шығыста түнде 10...18 градус жылы, ал күндіз 20...28 градусқа дейін жылы.

Одан кейін, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды:

солтүстік жартысында күндіз 22...30 градусқа дейін жылы;

оңтүстік жартысында күндіз 27...35 градусқа дейін жылы;

Алдын ала болжам бойынша,  қарқынды салқын толқыдары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты сулы қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында түнде 3 аяз... 5 жылы, күндіз 7...15 жылы

оңтүстік жартысындатүнде 2...10 жылы, күндіз 17-22 жылы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір