• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:22:50
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Әлем

Қырғызстандағы президент сайлауы ереже бұзушылықсыз өтпеді

Халықаралық ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ бақылаушылары тілшілерге Қырғызстанда болған президент сайлауының аралық қорытындысын ұсынды.

Халықаралық ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылары тілшілерге Қырғызстанда болған президент сайлауының аралық қорытындысын ұсынды,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі қырғызстандық 24.kg сайтына сүйене отырып жазады.

Олардың ойынша, Қырғызстандағы сайлау ұйымдастырылған түрде, демократиялық жолмен өтті. Алайда ережені  бұзғандар да болды. Олар: әкімшілік ресурстардың ықпалы, кандидаттарды қаржыландырудың қайдан болғаны белгісіздігі, сайлаушыларға көрсетілген қысымдар және цензураға себеп болған БАҚ құралдарына шағымданушылық.  Әсіресе, сайлау қорытындысы бойынша жеңімпаз - Сооронбай Жээнбеков «24.kg» ақпараттық агенттігіне қарсы сотқа шағымданып, 5 миллион сом айыппұл салды.

Бақылаушылар сайлау науқанында полиция қызметінің журналистер мен тәуелсіз бақылаушылардың жұмысына  кедергі келтіріп, қорқыту фактілері болғандығын жасырмады. Дегенмен, Қырғызстандағы билікті бейбіт жолмен  келесі үкіметке табыстау сәтті орындалды. Бірақ, Орталық атқару комитеті кандидаттарға бір жақты қарап, нәтижеге нұқсан келтірді.

Жалпы алғанда, халықаралық бақылаушылар сайлау жақсы ұйымдастырылғанын мойындады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір