• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:07:43
+35°

12 Маусым, 2018 Әлеумет

Қырғызстандағы дүрбелең: Менингит көрші елдерге ене бастады

Қырғызстандықтар Қазақстаннан менингококк инфекциясы келгені жайлы хабарламалар алып жатыр.

Қырғызстандықтар Қазақстаннан менингококк инфекциясы келгені жайлы хабарламалар алып жатыр. Хабарламада тұрғындарға қоғамдық орындар мен салқын тиюі мүмкін жерлерден аулақ жүруін ескерткен.

«Менингиттің бізге келгені жайлы дәйекті ақпарат бар. Абай болыңыздар, балаларыңызды бақылап жүріңіздер. Бассейндерге жолатпаңыздар, суық тиетін жерлерге бармаңыздар, жеміс-жидектерді жуып жүріңіздер», - деп келтірді Sputnik Қырғызстан тұрғындарға келіп жатқан хабарлама мазмұнын.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің Жұқпалы ауруларын бақылау және алдын алу бөлімінің бастығы Динара Оторбаева елдегі жұқпалы дерттің таралу деңгейінің азайғанын мәлімдеді.

«Бұл 15-20 жылда бір рет шығатын циклдік дерт. Ал дүрбелең тудыратын адамдармен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысу керек», - деді Оторбаева.

Ал бұдан бұрын Қырғызстанда екі баланың менингиттен көз жұмғаны туралы хабарланыпты. Тек денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері 13 адам менингит дертінен көз жұмды. Олардың алтауы – балалар. Жұқпалы дерттен зардап шеккендердің басым бөлігі Алматыда тіркелген.

Дүйсенбі күні Алматыда менингитке шалдықты деген күдікпен бала ауруханаға түсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір