• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:57:55
+35°

18 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Қырғызстанда туды еденге төсеген музей басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін

Мемлекеттік рәмізді қорлау әрекеті үшін 10 мың сом көлемінде айыппұл салынып, 40 күннен бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Ош қаласындағы «Сулейман-Тоо» музейінің бұрынғы қызметкері Әшірәлі Маразықов Қырғызстан туының еденге төселген суретін жариялады. Оның айтуынша, сурет жөндеу жұмыстары жүріп жатқан музейдегі жертөледе түсірілген.

Маразықов мемлекеттік рәмізді қорлау заңсыз деп, музей басшылығын жауапқа тартуды сұрады.

«Сулейман-Тоо» музейінің директоры Әбдіқайым Қангелдиев бұл оқиға оның басшылыққа келмей тұрып орын алғанын және жауапқа тартылатындай себеп жоқ екенін айтты.

Оның айтуынша, туға қатысты жанжал арыз берген қызметкердің жеке реніштері салдарынан туған.

Айта кетейік, мемлекеттік елтаңбаны немесе туды қорлау әрекеті үшін 10 мың сом көлемінде айыппұл салынып, 40 күннен бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір