• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:18:56
+35°

05 Ақпан, 2018 Аймақтар

Қырғызстанда анасы темір ожаумен ұрған 3 жастағы сәби комаға түскен

Баланың анасы сәбидің жағдайы қатты нашарлап кеткеннен соң ғана ауруханаға әкелген.

Қырғызстанның Ош қаласында әйел өзінің 3 жастағы баласына қол көтерген, соның салдарынан сәби комаға түскен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КирТАГ-қа сілтеме беріп хабарлайды.

«Ош қаласында 24 жастағы әйел өзінің 2,8 жастағы баласын темір ожаумен ұрған. Баланың жағдайы өте ауыр, комаға түскен»,- дейді Ош қаласының ІІБ баспасөз-хатшысы Замир Сыдықов.

«Баланың іш құрылысына, миына зақым келген. Дәрігерлер баланың аман алып қалу үшін барлығын жасауда. Баланың анасы сәбидің жағдайы қатты нашарлап кеткеннен соң ғана ауруханаға әкелген. Қазір ол жансақатау бөлімінде жатыр»,-дейді ол.

Әйел полицияға баласына қол көтергенін мойындамаған, сәбидің жарақатты құлаған кезде алғанын айтқан. Әйел ажырасқан, жалғызбасты ана. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір