• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:34:46
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 Саясат

Қырғызстан Қазақстанның көмегінен бас тартты

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қырғыз тарапының шұғыл үндеуі биылғы мамыр айында Ош облысындағы көшкінге, қар көшкініне және зілзалаға байланысты болған

Қырғызстанның Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмек алу қажеттілігінің өзектілігі жойылды. Бұл туралы республиканың ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері таратқан мәлімдемеде айтылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қырғыз тарапының шұғыл үндеуі биылғы мамыр айында Ош облысындағы көшкінге, қар көшкініне және зілзалаға байланысты болған. "Алайда Қырғыз Республикасының үкіметі шетелдік серіктестердің қолдауымен елдің оңтүстігіндегі табиғи апаттың салдарын жедел жойды. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметіне осы шешімі үшін алғыс білдіре отырып, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегінің қажеттілік өзектілігі жойылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қырғыз Республикасындағы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан Үкіметі көрші мемлекетке гумантарлық көмек көрсету туралы шешім шығарған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір