• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:25:54
Алматы
+35°

23 Қазан, 2017 Саясат

Қырғызстан Қазақстанның $100 млн. көмегінен бас тартты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыздардың көмектен бас тартатыны туралы ресми мәлімет түспегенін хабарлаған

Қырғыз үкіметі Қазақстанның 100 млн доллар көмегі туралы келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап. Бұл туралы вице-премьер-министр Дуйшенбек Зилалиев хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, қырғыздар енді көмекке зәру емес.

"Біз бұл көмектен бас тартамыз деп шештік. Басқа сөзбен айтқанда, енді біз көмекке зәру емеспіз. Біз қаржы көзін бюджеттен немесе қазынадан тыс жерлерден іздестіреміз. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық қауымдастығының талаптарына сай 14 зертхана құрылысы аяқталып қалды. Оны өзіміз қаржыландырамыз. Жыл аяғына дейін олардың көбісінің құрылысы аяқталады", - деді ол.

Хабарларларға қарағанда, Қазақстанмен келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке экономика министрі Артем Новиков таныстырады. Құжат кезектен тыс қаралады.

Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар бөлуі туралы келісім өткен жылдың аяғында Санкт-Петербургте Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңестің отырысында қабылғанған.

Қаражаттың алғашқы бөлігі - 41 млн доллар кеден, көлік инфрақұрылымы, ақпараттық әріптестік, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, фитотазалық және ветеринарлық шараларға арналған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыздардың көмектен бас тартатыны туралы ресми мәлімет түспегенін хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір