• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:46:41
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 NEWS

Қырғызстан Қазақстан көміріне тәуелді болғысы келмейді

Қырғызстанға жылына 1,8 млн тонна көмір қажет. Үкімет отандық көмір өндіруді жылына 1,5 млн тоннаға жеткізуді міндеттеді.

Қырғызстанды отандық көмірмен қамтамасыз ету - қазіргі таңдағы басты мақсат, деп мәлімдеді Жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитетінің басшысы Улан Рыскулов. 

Ол «Кыргызкомур» кәсіпорынының жұмысшыларымен кездесті, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа слтеме беріп жазады. Оның айтуынша, шекарадағы жағдайға байланысты екі ай бойы көрші елден көмір келмеген уақытта "қазақ көмірінсіз өмір сүруге болатыны белгілі болды".

"Көмір тапшылығы сезілмеді, бірақ алып-сатарлар бағаны өсіріп жіберді", - деді ол.

Рыскуловтың айтуынша, Қырғызстанға жылына 1,8 млн тонна көмір қажет. Үкімет отандық көмір өндіруді жылына 1,5 млн тоннаға жеткізуді міндеттеді.

Қазақ көмірінің бір тоннасы 30 доллар, ал жергілікті көмір 50 доллар тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір