• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:57:27
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 Оқиғалар

Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қытайға барды

Келіссөзде Қырғызстан-Қытай қатынасы мен ынтымақтастығының аспектілері талқыланады деп болжанып отыр.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 6 маусымда мемлекеттік сапармен Қытайға барды. Сапар барысында ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездеспек.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жээнбеков сапары аясында Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньчумен кездеседі. Келіссөзде Қырғызстан-Қытай қатынасы мен ынтымақтастығының аспектілері талқыланады деп болжанып отыр.

Сооронбай Жээнбеков Қытайға Қырғызстанда Пекинмен Қытайға газ құбырын тарту туралы келісім жасасу, Бішкек жылу-электр станциясын модернизациялауға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы және Қытай дипломатиялық өкілдігіне жер телімін беруге қатысты талқы қызған шақта барып отыр.

Қырғызстан президенті сапары барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері басшыларының 9-10 маусымда Циндао қаласында өтетін саммитіне қатысады. Саммитте ШЫҰ-ны одан ары дамыту мәселесі талқыланбақ.

Жээнбеков ШЫҰ саммиті аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен және Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулгамен келіссөз өткізбек.

ШЫҰ құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Үндістан және Өзбекстан бар. Осы аптада саммитке қатысуға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Қытайға барады.

Саммит қорытындысында Қытай ШЫҰ-ға 2018-2019 жылдары төрағалық жасау міндетін Қырғызстанға тапсырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір