• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:28:02
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Қырғыз қыздарға шетелге шығуға тыйым салынуы мүмкін

Митингке шығушылар қырғыз қыздарына белгілі бір жасқа жеткенше елден шығуға тыйым салуды көздеп отыр.

Қырғызстан астанасы Бішкекте 20 сәуірде митинг өтеді деп жоспарланып отыр. Белсенділер биліктегілердің назарын қырғызстандық қыздарға аударуды көздеп отыр. Бұл жайында Қырғызстан жаңалықтары хабарлайды.

Митингке шығушылар қырғыз қыздарына белгілі бір жасқа жеткенше елден шығуға тыйым салуды көздеп отыр. Бұл жайында белсенді Тілек Таалайбеков жазған. Оның айтуынша, қырғыз қыздарын шетелде алданып қалу мен зәбір көруден қорғау керек.

— Біз жасы 25-26 толмаған қыздарға шетелге шығуға шектеу қоюды ұсынып отырмыз. Аталған жасқа жетпеген қыздар күйеуімен немесе туыс ер адаммен бірге ғана елден шыға алады. Бұл әзірге біздің ұсынысымыз. Мүмкін басқалар көрсетілген жасты көтеруді ұсынып қалар. Сонымен қатар адамдар қоңырау шалып, аталған акцияға қатысуға ниетті екендерін білдіріп жатыр. Түркияда зардап шеккен әйелдер де хабарласты, - дейді Таалайбеков.

Митингтен кейін белсенділер елдің парламенті мен үкіметіне талап етіп баруды көздеп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір