• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:36:27
Алматы
+35°

21 Шілде, 2018 NEWS

Қылмыскерді қамаудан босатпағанда, Дениспен қайғылы жағдай болмас еді...

Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов автомашиналардың айнасын ұрлап, Астанада 11 шілдеде ұсталған екен

Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов автомашиналардың айнасын ұрлап, Астанада 11 шілдеде ұсталған екен. Алайда құқық қорғау органдары оны жібере салған. Егер де оны жібермей, абақтыға жапқанда мұндай қайғылы оқиға болмаушы еді. Бұл жайында Астана қаласының тұрғыны Сапар Шамшиев айтып берді.

Оның айтуынша, Құдайбергенов Арман 11 шілде күні түнде оның машинасына ұрлыққа түскен. Қылмыс үстінде қолға түсіп, ешқайда шықпау туралы қолхат жазып, 20 шілде күні болуы тиіс соттан құтылып кеткен.

«Оқиға орын алғаннан кейін келесі күні таңертең мен айналарымды Алматы ауданының полиция бөлімшесінен алып кеттім. Сол жерде менен екінші рет түсініктеме алып, 7-10 күннен кейін Құдайбергеновтың соты болатынын айтты. Ол жігітке не болды, өзі қазір қайда? деп сұрағанымда, «ол алдын да сотты болғанын мойындап түсініктеме жазды» деп жауап берді. Сотқа дейін уақытша қамауда болады деп түсіндім. Алайда 13 шілде күні маған тергеуші хабарласып, «менің нөмірімді Арман Құдайбергенге беруге бола ма?» деп сұрады. «Не үшін?» дедім. Менімен келісімге келу жайында сөйлескісі келетінін айтты. Бас тарттым да, нөмірімді беруге тыйым салып, істі соңына дейін жеткізгім келетінін айттым. Оны қылмыстық жауапқа тартып, өзіне лайық жазасын беру керек дедім. Қайғылы оқиға болған күнге дейін ол қылмыскер қамауда отыр деп ойлаған едім», - дейді Сапар Шамшиев.

Алайда жұма күні оның үйіне криминалды полиция қызметкерлері келіп, Арман Құдайбергенов жайында сұраған.

«Маған оның суреттерін көрсеткенде мен бірден таныдым. Ол жігіт Денис Тенді өлтірген күдікті екенін айтты. «Бұл қалай болуы мүмкін деп таңқалдым. Құдайбергенов Астанада қамауда отыр емес пе, ал қанды оқиға Алматыда болды» дегенімде, ол ұрыны ешқайда шықпау туралы қолхатпен қамаудан жібергенін айтты. Яғни, ол жігіттің соты кеше Астана қаласында өтуі тиіс болатын. Егер де Құдайбергеновты қамаудан босатып жібермегенде, ол Алматыға бара алмас еді және мұндай қайғылы оқиға орын алмас еді...», - дейді Астана тұрғыны.

Дереккөзі: Time.kz

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір