• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:01:43
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 NEWS

ҚазҰУ жастарының ұстанымы: "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру"

Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген асыл үндеу өсиеті.

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады».

Нұрсұлтан Назарбаев

Әлемнің барлық елдері күн санап өзгеру үстінде. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы,сана – сезімі, жаңа өзгерістерді қабылдай білуі. Иа жаңа өзгерістер жаңа заманға сай келеді, бірақ сол өзгерістердің басты кемшілігі халықтың ертеден келе жатқан өркениет пен мәдениеттің ерекшеліктерін ескермей бәріне жаппай еріксіз танылуында. Рухани жаңғырудың тарихи сахнасына көз жүгіртсек ерте замандағы көне қалаларымыз,мәдени мұраларымыз бен заман сынынан сүрінбей осы өткен әдет – ғұрыптарымызды табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр ала алмаса,ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай алмаса ол адасуға апарады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңадан жарық көрген еңбегі – ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, еркеше жаңалық.Біздің президентіміз «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты жолдауында  қазақ халқының өшпес тарихы мен әдет – ғұрпы,салт – дәстүрін сақтай отырып, ұлттық сананы естен шығармай отырып бүкіл қазақ халқының армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыру жолын көрсетті. Елбасы  бұл жаңғырудың жолын ғана көрсетіп қоймай, оны жүзегі асырудың нақты бағыт – бағдарын ұсынды.Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:

  1. Ұлттық бірегейілікті сақтау.Ұлттық жаңғыру - ұлттық сананың кемелденуі.
  2. Бәсекелік қабілет. Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады.
  3. Прагматизм. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу.
  4. Білімнің салтанат құруы.Біздің қанымызда бар қасиет - білімді болуға ұмтылу.

Қорыта айтқанда, бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген асыл үндеу өсиеті. Ішкі руханиятымыз арқылы жаңа өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, көшбасшымызбен бірге жаңа белестерді бағындырайық.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессор қ.а., б.ғ.к. Есимсиитова З.Б.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Манкибаева С.А., Абдуллаева Б.А. б.ғ.к., доцент м.а.; биотехнология кафедрасының доценті,б.ғ.к. Ерназарова Г.И.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір