• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:32:58
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 NEWS

ҚазҰУ QS Stars - «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды

ТМД елдерінде QS-тың төрт жұлдызы тек бес университетке берілгендігін атап өту қажет

ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars - «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды.

QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау нәтижелері бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісін Қазақстанда бірінші болып иеленген Орталық Азия аймағындағы жалғыз университет болды.

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі жоғары оқу орындарының кең ауқымды қызметін белгілейтін және университеттердің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижесінде анықталады.

ҚазҰУ-ға QS «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісінің тағайындалуы университеттің жоғары халықаралық беделі мен жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде көшбасшылық орынға ие екендігінің дәлелі. Артықшылық жұлдыздары университеттің мықты тұстарын көрсетеді және серіктестер мен оқуға түсем деушілерге жоғары оқу орнын таңдауға жәрдемдеседі.

Осылайша, ҚазҰУ бірқатар көрсеткіштер бойынша «5 жұлдыз» иеленді, атап айтқанда, білім беру қызметтерін көрсету, интернационизациялану деңгейі, инфрақұрылым және инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.

ТМД елдерінде QS-тың төрт жұлдызы тек бес университетке берілгендігін атап өту қажет, олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ресейдің төрт университеті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір