• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:39:52
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2017 Алаш-Орда

ҚазҰУ-да студенттер «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов» атты шара өткізді

«Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына арналған «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов» атты іс шара жақсы деңгейде өтті.

Елімізде тәуелсіздіктің таңы арайлап атқаннан бастап, болашақ жастарымызға ұлттың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін тереңінен түсіндіріп жатқан жоғарғы оқу орындарымыз баршылық. Сол оқу орындарының бірі және бірегейі, қазақтың қары шаңырағы саналатын – Қазақ Ұлттық Университеті. Республикамыздағы жетекші оқу орындарының бірі, World University Ranking беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша университетіміз  236 орыннан көрініп, әлемнің  50 үздік ЖОО қатарына енді. Университет студенттеріне тоқталар болсақ, елімізде болып жатқан түрлі қоғамдық істерге белсене атсалысуда. Оның дәлелі ретінде, «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына арналған «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов» атты іс-шараның жақсы деңгейде өтуі. Қазақ халқының тәуелсіздігін аңсаған ұлт зиялыларына арналған іс-шараға жалпылама тоқталсам:

Жалпы, ХХ ғасыр «қазақ» деген атты арқалаған ұлт үшін қандай ауыр, қандай қасіретті жыл болғанын бар қазақ жұрты жақсы біледі. Осы тұста ұлт ретінде ояна бастаған қазақ халқының жағдайы ауыр болатын. Екі ғасырға созылған күштеп басып алу саясатының нәтжесінде, қазақ жерінің 45 млн. десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда ең құнарлы 16 пайызын Россия иелік етен болатын. Өкінішке орай, отарлаушылар тек қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен, дінінен, салт—дәстүрінен айыру бағытында қатыгездікпен  ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Осы тұстағы қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы немесе өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта қол бастап, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан саяси ахуалға байланысты жаңа саяси күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды. Бұл жердегі ең маңызды да негізгі іс-халыққа олардың алында тұрған мақсат мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап келе алатын мүлдем саяси-әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқандығының көрінісін 1905-1907 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді.  Осы кезде өткен бірінші орыс революциясы жылдары «Ұлттық зиялылар» кейін «Алаш қозғалысы» аталған қоғамдық қозғалыстың негізін қалаған. «Алаш» қозғалысы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. Жас қазақ интелегнциясының дем беруші басшылары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатов болды. Қазақ халқының егемендігін аңсаған ұлт зиялыларының өзіндік ұстанымдары болды. Атап айтқанда:

Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игерілмейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

 Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуы бойынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. Яғни, бұл «өз жерінің игілігін әуелі өз елі игілігіне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат» деген емеурінді танытады.

Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс».

Төртінші ұстаным: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.  Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы тиіс» болатын. Қазір Елбасымыздың ұстанып отырған ұлтжанды саясаты да осы Алаш тарландарының идеясына үндес келіп отыр.

Бесінші ұстаным: түпкі мақсат, тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру болатын.

Ұлт лидері - Әлихан

Елдің егемендігін қалпына келтіріп қана қоймай, озық, өрениетті елге айналдыруды көздеген, ұйқыдағы қара халықты оятып олардың сана-сезімін оятуда үлкен рөл атқарған «Алаш қозғалысының» бастауына биыл бір ғасыр өтті. Қазіргі тәуелсіздік алған Егемен Қазақстанда олардың ерен еңбегін жастарымыз да, қарттарымыз да жақсы біледі. Дегенмен,қоғамда  олардың есімін ұмыттырмау мақсатында түрлі ғылыми конференциялар, кездесулер өткізіліп, «Алаш» қозғалысының маңызы насихатталып жатыр. Сондай іс-шаралардың бірі «Қазақстан тарихы археология жіне этнология» факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры т.ғ.к  Ф.А.Қозыбақованың жетекшілігімен. «Филология және Әлем тілдері» факультетінің 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен  «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов» атты іс-шара болып өтті. Аталған іс-шараға «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессорлары: Қ.С.Қаражан, С.Смағұлов, Б.Сайлан, К.Е.Абикенова т.б. қатысып, өздерінің ой-пікірлерін айтты. Бұл іс-шарада «Алаш» қозғалысына қатысқан зиялы қауым өкілдерінің өміріне үлкен шолу жасалынып, сол тұстағы ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін атқарған жұмыстарына талдау жасалынды. Студенттер ұлт зиялыларына арналған өлеңдерін оқып, ұлт көшбасшысы Ә.Бөкейханов жайлы көрініс ұйымдастырды.

Қорытындылай келе, студенттер бұл іс-шарадан өзедеріне қажетті тың мәлметтер алды деген ойдамын. Алаштықтардың, оның ішінде Ә.Бөкейхановтың арман еткен Тәуелсіз, Егемен Қазақстанның болашағы өздері екендігіне көз жеткізді. Біз өз тарихымызды ешқашан ұмыта алмаймыз. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп, болашаққа нық қадам жасауымыз шарт. Сол себептен де, дәл қазіргідей тәуелсіздіктің таңы арайлап атқан мемлекетте өмір сүріп жатқан біз жастар, бірінші орынға өз ұрпағының еркіндігін қойған ұлт лидері Ә.Бөкейхановты  естен шығармай, үлгі тұтуымыз қажет деп ойлаймын.

Фатима Ақынбайқызы Қозыбақова,

                                                                           Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                                               Тарих, археология және этнология факультеті

                                     Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры т.ғ.к    

                                                               Исламбек Бектемірұлы Ибраймов,

                                                                             Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                                                    Филология және әлем тілдері факультетінің

                                                                                     1-курс студенті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір