17Тамыз

ҚазҰУ агробиостанциясы: басымдықтар мен жаңашылдықтар

ҚазҰУ агробиостанциясы: басымдықтар мен жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында әлемді, оның ішінде Қазақ елін шарпыған жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайындағы мемлекеттің қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылығы және әлеуметтің әл-ауқатын қалыпты деңгейде ұстау қажеттілігін басты назарда ұстаумен қатар, осы дағдарыстың салдарларын жеңудің түрлі жолдарын ұсынып келеді.

Осы мәселе турасында Мемлекет басшысы: «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз» деп атап өтті. Расында да кез-келген елдің дамуы өзінің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне тікелей байланысты. Бүгінде мемлекетімізде индустриялды-инновациялық жобалар қарқынды іске асырылуда.

Мемлекет экономикасының өзегі саналатын аграрлық сала алдында тұрған міндеттер мен межелер де ауқымды екендігі рас. Бұл тұрғыда Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен оны шешудегі және аталған саладағы инновациялық ілкімді істерді іске асырудағы агроөнеркәсіп кешендері және орталықтарының мүмкіндігі мен басымдықтары айтарлықтай екендігі жасырын емес. Осы ретте айта кетейік, университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалымқайыр Мұтанов: «Жаңа индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бесжылдығында қазақстандық жоғары оқу орындарының алдында модернизация бойынша ауқымды міндеттер тұр.

Қазіргі күнде университеттер ғылым мен инновацияға басымдық беруі қажет» деген-тін. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Агробиостанциясында ауылшаруашылық саласындағы ғылыми-инновациялық жұмыстар мен студенттер практикасы жүргізіледі. Бұл тұрғыда аумағы 10 гектарды құрайтын ғылыми-өндірістік орталықта Агробиоэкологиялық зертхана, табиғи газбен қамтамасыз етілген станция, ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қоймасы мен техникалары және шеберхана жұмыс істейді. Сонымен қатар кешенде автотұрақ пен оқу-тәжірибелік корпусы және 50 орындық жатақхана орналасқан. Алдағы уақытта кешенде биология ғылымдарының докторы, профессор Болатхан Заяданның бастамасымен Альгобиотехнология зертханасын ұйымдастыру көзделуде. Айта кетейік, аталған лабороторияда  микробалдырлардың көптік биомассасын алып, оны өндіріс саласына атап айтқанда, косметикалық және нан өнімдерінде, көлік құралдарында, биодизель, биоэтонол, биологиялық белсенді дәрумендерде және өсімдіктердің мол түсім беруінде фитогормон ретінде қолданылады.

Агробиостанцияда оқу-инновациялық бағытта ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология, География және табиғатты пайдалану, Химия және химиялық технология мен Физика-техникалық факультеттері және Ғылыми-зерттеу институттары қызмет атқарады.

Биыл алғаш рет Агробиостанция аумағында 4 гектарға жуық алқапта бидайдың ерекше сұрыпы, 3 гектардан астам жерге тағамдық және сәндік асқабақ, қауын, қарбыз, картоп, сәбіз, пияз, қант қызылшасы, қызанақ, қияр, болгар бұрышы, қырыққабат, жүгері, аскөк және сыпырғы (сорго) өсірілуде. Сондай-ақ суландыру жүйесі мен агротехникалық іс-шаралары тұрақты түрде жүргізу қолға алынды. Болашақта Биология және биотехнология факультетінің «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығында оқитын студенттері мен магистранттары тәжірибесін кеңінен жүргізу мақсатында форель шаруашылығы, аквапоника және аквариумдар ұйымдастыру жоспарлануда.

Білім мен ғылымның қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арқылы бүгінде Алматы облысы көлемінде көптеген инновациялық жобалар іске асырылуда. Тың идеяларды келешекте университет арқылы республика көлемінде тарату жоспарда бар екендігін атап өткен ләзім. Бұл орайда, еліміздегі бірден-бір ғылыми-өндірістік орталық ретінде Агробиостанцияның өзіндік сүбелі үлес қосарына сеніміміз кәміл.

Құттымұрат ТАҒАЕВ,

ҚазҰУ Агробиостанциясының жетекшісі

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


1
АҚШ саясаткері: «АҚШ пен Қытай арасында экономикалық соғыс жүріп жатыр»
17/08 09:38 0 26
2
Қытай делегациясын Астананың инфрақұрылымы таңғалдырды
17/08 09:26 0 58
3
Джон Бреннан: Трамп сөздері мен іс-әрекеттері арқылы ұлтын масқаралап отыр
17/08 09:16 0 34
Жаңа ереже бойынша жедел жәрдемнің келу уақыты 1 сағатқа созылды
17/08 09:14 0 9
Байқоңырдан «Протон-М» әскери зымыраны ұшты
17/08 09:03 0 41

Таныстырылғандар

Жер сілкінісі кезіндегі дәрменсіз хәл...
Жер сілкінісі кезіндегі дәрменсіз хәл...

Жер сілкінісі кезіндегі дәрменсіз хәл...

Алматыда 4 баллдық жер сілкінісі болды
09/08/2017 16:07 0 978
Елші: Грузия Қазақстанға $27 000 000 қарызын қайтарады
Елші: Грузия Қазақстанға $27 000 000 қарызын қайтарады

Елші: Грузия Қазақстанға $27 000 000 қарызын қайтарады

Бұл жайында Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді
Аудио тыңдау
09/08/2017 16:28 1 455
«Ертұғырыл» телехикаясының актерлері Астанада
«Ертұғырыл» телехикаясының актерлері Астанада

«Ертұғырыл» телехикаясының актерлері Астанада

«ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында «Ертұғырыл» атты тарихи туындысының актерлерімен баспасөз мәслихаты өтеді
09/08/2017 17:05 0 2158
Facebook желісінде жаңа видеоплатформа пайда болады
Facebook желісінде жаңа видеоплатформа пайда болады

Facebook желісінде жаңа видеоплатформа пайда болады

Енді әлеуметтік желі қолданушылары блогерлерге жазылып, өздері де видеоларды тізімге қосып сақтай алады.
10/08/2017 19:13 0 738
СІМ Қайрат Әбдірахманов «Kazakh Invest»  АҚ Басқарма төрағасымен кездеті
СІМ Қайрат Әбдірахманов «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасымен кездеті

СІМ Қайрат Әбдірахманов «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасымен кездеті

ҚР СІМ мен «Kazakh Invest» арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды
11/08/2017 08:22 0 652
Бүгін елде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін елде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін елде ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады
11/08/2017 08:27 0 499
ОКҚ басшысы Артур Нығметов қызметінен кетті
ОКҚ басшысы Артур Нығметов қызметінен кетті

ОКҚ басшысы Артур Нығметов қызметінен кетті

Айта кетер болсақ, Артур Нығметов ОКҚ басшылығына 2017 жылдың мамыр айында келген болатын
11/08/2017 13:09 0 439
Йеменде 500 мың адам тырысқақ ауруына шалдықты
Йеменде 500 мың адам тырысқақ ауруына шалдықты

Йеменде 500 мың адам тырысқақ ауруына шалдықты

Алайда алда жаңбырлы маусымның келуіне байланысты жұқпалы ауру қайта таралуы мүмкін.
11/08/2017 14:41 0 465
Түркия Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қарсылық білдірді
Түркия Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қарсылық білдірді

Түркия Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қарсылық білдірді

Бұл мәселеге біз де батып кетпес үшін барлығын бейбіт жолмен шешуге тырысамыз, – дейді министр
11/08/2017 17:31 4 727
Жігіттің жас ерекшелігіне байланысты 15 түрлі атауы
Жігіттің жас ерекшелігіне байланысты 15 түрлі атауы

Жігіттің жас ерекшелігіне байланысты 15 түрлі атауы

Шақалақ (жаңа туған), шарана (қырқына дейінгі), нәресте (бір жасқа дейін), бөбек (бір жарым жасқа дейін)
12/08/2017 13:42 1 908
Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау табылды
Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау табылды

Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау табылды

Росса мұздықтарының астындағы теңіз түбінде жанартаулардың әлемдегі ең биік шоғыры орналасқан болуы мүмкін
14/08/2017 08:30 0 494
Төмен балл жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептер тексеріледі
Төмен балл жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептер тексеріледі

Төмен балл жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептер тексеріледі

Құжаттарды бұрмалау  фактілері анықталған жағдайда мектеп басшылығына қатаң шаралар қолданылады
14/08/2017 13:34 0 358
Маңғыстауда геопарк құрылады
Маңғыстауда геопарк құрылады

Маңғыстауда геопарк құрылады

Жаһандық геопарк жүйесіне әлемнің 35 елінен 127 геопарк кіреді
15/08/2017 11:59 0 414
Қырық даудың қыспағында, мың мәселенің арасында қашанғы отырасың, Сағадиев?
Қырық даудың қыспағында, мың мәселенің арасында қашанғы отырасың, Сағадиев?

Қырық даудың қыспағында, мың мәселенің арасында қашанғы отырасың, Сағадиев?

Ерлан Сағадиев БҒМ басшылығына келген сәттен білім саласында халық күтпеген жаңалықтар көптеп шыға бастады...
15/08/2017 13:14 4 1217
ЭКСПО-2017: Үндістанның Ұлттық күні өтіп жатыр
ЭКСПО-2017: Үндістанның Ұлттық күні өтіп жатыр

ЭКСПО-2017: Үндістанның Ұлттық күні өтіп жатыр

Үндістан тарапынан ЕХРО көрмесіне ел делегациясын басқарып, Қазақстандағы елші Харш Кумар Джайн келді.
Аудио тыңдау
15/08/2017 14:17 5 109