• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:32:48
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 Спорт

«QAZSPORT» дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлмдік «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді.

17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. 34 мемлекеттен 262 спортшы қатысады деп жоспарланған. Ал Қазақстан құрамасынан 12 дзюдошы қатысады.

 Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан - Елдос Сметов (60 кг), Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Бекжан Абдуалиев (81 кг), Әділет Миссин (90 кг) және әйелдер арасынан Әйгерім Төреғожина (48 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Назүл Құбашева (63 кг), Ділбар Өміралиева (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Альбина Амангелдиева (-78 кг), Зарина Райфова (-78 кг) қорғайды.                             

Аталған бәсекенінің алғашқы күнін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция уақыты: 17 наурыз, 17:55, ал екінші жарыс күнін «Qazsport» арнасынан 19 наурыз күні сағат 11:35-те көре аласыздар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір