• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:43:45
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 Әлеумет

Қазіргі Араб әлеміндегі мемлекет пен дін қатынасы

Араб әлемі елдерін діни негізде біріктіретін негізгі тұғыр – ислам діні

Таяу шығыс және солтүстік африка өңіріндегі жаңа геосаяси жобалар режиссёрларының және алпауыт елдердің геоэкономикалық мүдделер қақтығысының шиеленісуі ,жаһандық экономикалық дағдарыс  пен әлемдік саясаттағы кеудемсоқтық пен айқынсыздық әлемдік және аймақтық жаңа ойыншылардың қалыптасуы замананында өрши түсуде. Геосаяси ойындар негізіне діни сипат беру арқылы діндер және діндарлар арасында өшпенділік сезімі мен дүрдараздық туыруды көздейтін жобалар тұтас мемлекеттер мен мәдениеттерді жойып жіберуді көздеп отыр. Араб әлемі елдерін діни негізде біріктіретін негізгі тұғыр – ислам діні. Жиырмасыншы ғасырдың 60-70 жылдары араб елдері үшін капиталистік және социалистік құрлыстан өзгеше үшінші жолды іздеудің тұжырымдамалары пайда бола бастады. Орта ғасырлық ислами мемлекеттілік дәстүрін қайта көтерген зайырлы және діни бағдардағы саясаткерлер араб елдері үшін бірден бір тұрақты даму жолы мұсылмандық өмір салтын ұстану деп көрсетті. Бұл тұжырымдамалар ішінде ислам социализмі, ислам экономикасы, ислам мемлекеті ұғымдары талқыланып, дәстүрлі ислам құндылықтарын заманауи нақты мемлекеттік құрылыс қағидаларымен және қоғамның ерекшелігімен үндестіріп, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды модернизациялауды ұсынды.

Араб әлемі елдерін ұйыстырушы саяси ұйым Араб мемлекеттерінің лигасы 1945 жылы құрылды. Ұйымның құрылтайшылары Мысыр, Сирия, Трансиордания (Иордания), Ирак, Ливан, Сауд Арабиясы. Құрамына 22 мемлекетті біріктіретін аталмыш ұйым мүшелерін ұйыстырушы негіз –  ұлттық  және  діни біргейлік. Ислам діні мен шариғат нормалары бұл елдерде өмір салттық ұстаным және ұлттық-діни құндылықтар жүйесін құрайды.

ХХ ғасырдың орта тұсында араб бірлігі мен ұлтшылдығы араб елдеріндегі түрлі саяси қозғалыстар ұстанымының ажырамас сипатта болды. ХХ ғасырдың басында  араб елдерінің дербестігі мен ынтымақтастығы үшін бірлесе күресу діни-саяси негізде біріккен халықаралық ұйымдардың пайда болуына алып келді. Сондықтан да, араб әлемін құрайтын елдердегі дін мен мемлекеттің арақатынасын зерттегенде нақты жағдайды есепке алып, жүйелі талдау жүргізуді қажет етеді. ХХI ғасыр араб әлемінде  мемлекет пен дін қатынасы тұжырымдамасы қазіргі заман жағдайында тұрақты қоғам құру аясындағы зайырлылық пен діндарлық,зайырлы және теократиялық билік арасындағы қатынасты айқындауды қажет етіп отыр. Араб елдерінде ислам діні халықтың дүниетанымы мен салт дәстүрінде айқын орнықан,бұл өз кезегінде мемлекет пен дін қарым –қатынасына,саяси міне-құлыққа және қоғамдық сана мен пікірге елеулі ықпал жасайды.    Діни құндылықтар қоғамдық-саяси және құқықтық жүйенің   барлық институтарына үстемдік жүргізеді[1].         

Араб мемлекеттерінде сүнниттік мазхабтар пен шииттік ағымдар,христиандық қауымдар араб ұлтының қалыптасу тарихы және  мәдениетімен байланысты айқындалады.Геосаяси ойындар негізіне діни сипат беру арқылы діндер және діндарлар арасында өшпенділік сезімі мен дүрдараздық ұрығын себуді көздейтін жобалар араб мемлекеттерінің бүгіні мен болашағына қатер төндіруде. Араб әлеміндегі мемлекеттік құрылымдардың тарихи және заманауи түрлері:халифат,сұлтандық,монархия, әмірлік,республика. Араб әлеміндегі дін мен саясат арақатынасы бұл елдердегі  нақты бір халықтың ділі мен салт-дәстүрі негізінде қалыптасқан. Сондықтан да, араб әлемін құрайтын елдердегі дін мен мемлекеттің арақатынасын зерттегенде нақты жағдайды есепке алып, жүйелі талдау жүргізуді қажет етеді.              

Әлемнің діни суреттемесін зерттеу бүгінде батыс пен шығыс өркениеттері дүниесінде болып жатқан саяси-діни ахуалдан туындаған  мәселелердің мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік  береді. Қазіргі таңда батыс  әлемінде  діни фундаментализм исламизм ұғымымен нақтылануда.Фундаментализм (латын тілінде-іргетас) барлық діндерге тән түсінік.Фундаментализм саяси және әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында және моральдық азып-тозу кезеңінде пайда болады.Заманауи қоғамда әлеуметтік және моралдық-этикалық мәселелерді діни ілім негізінде шешу жолдарын ұстанатын секулярлыққа  қарсы фундаменталисттік топтар діни мәтіндерді тікелей түсіну мен талдауға шақырады.Жиырмасыншы ғасырда АҚШ –та протестанттық шіркеулердің  модернистік және либералды діни іліміне қарсылық ретінде пайда болған фундаменталисттер 1912 жылы« Негіздер»  атты басылым шығарды.1919 жылы Филадельфияда дүние жүзілік христиандық фундаменталисттік ассоциациясы құрылды.Фундаменталистер  інжілге тікелей түсіндірме жасау мен шіркеулік неке дәстүрін жаңғыртуға шақырып,мектептерде креационизмді оқытуды жақтап,діни модернизм мен либералды христиандықтың зияндығын насихаттады.Алайда қазіргі уақытта исламнан өзге  діни ілімдер мен діни негіздегі саяси ұстанымға қатысты« измдер» қолданылмайтын болды. «Исламизм» және «исламистік» ағымдар ұғымы бүгінгі батыс ғалымдарының ислам дүниесіне жікшілдік пен дүрдараздық дәнің себу жолымен ислам іліміне деструктивтілік және әсіре діни таным тән деп түсіндіру арқылы батыс жұртына исламофобтық көңіл-күй қалыптастыру жолындағы әрекеттері. Батыс  саясаткерлері мен зерттеушілері исламизм және саяси ислам ұғымын – радикалды ағым терминінің мағынасына сай қолданады.Еуропацентризм мен батыстық ориенталдық тұғырдағы зерттеушілердің ұстанымы мен арнайы тапсырыстағы ізденістері ислам ілімі мен мәдениетін шынайы және толыққанды түсіндіре алмайды. Ізгілік  пен  мейірімділік,бауырмалдық  пен әділеттілік  діні  исламды түрлі «измдер»аясында  қарастыру өркениетаралық және дінаралық  сұқбатқа  қарама-қайшы келетін ұстаным.Сондықтан жас зерттеушілер исламизм және исламистік ағымдар ұғымын ұғымдық-категориалды аппарат жүйесіне еңдірмегені және зерттеу жұмысында қолданбағаны жөн.

 

Ирак  халқының  95%  мұсылман(сүннит,шиит,алавилік),5% ассириялық  ежелгі шығыс христиандықты ұстанушылар.Ел мұсылмандарының құрамы шииттер-62%,сүнниттер-35-38%.Елдің ұлттық құрамы-араб,күрд,түркімен,езидтер.Арабтар-78%,күрділер-19%,3%-түріктер,түркімендер,парсылар.1960 жылдары елде Баас араб социалистік өрлеу партиясы ықпалды  саяси күш ретінде белгілі болды.1979 жылы ел президенті болған Саддам Хусейн әбд әл Маджид ат-Тикрити (1937-2006) 1966 жылдан Баас партиясының қауіпсіздік қызметінің басшысы,1969 жылы партияның бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды.Саддам Хусейн этникалық,діни,әлеуметтік негізде бөлінген халықты біріктіру жолында әрекет жасады. 2002 жылы АҚШ билігі иракты зұлымдық өсі елдері қатарына қосты.2003 жылы БҰҰ қауіпсіздік  кеңесінің рұқсатыныз  АҚШ әскері ирак аумағына кірді.АҚШ  жаппай қырып жоятын қару жасауда деген сылтаумен ирак билігіне қарсы соғыс қимылын бастады. Ирак республикасының 2005 жылы қарашада бүкіл халықтық референдуммен қабылдаған  конституциясының 2 бабында ислам ресми дін және заңның негізі,исламға және демократияға,құқық пен бостандыққа қайшы ешбір заң қабылданбайды деп көрсетілген.3 бапта Ирак-ислам әлемінің бөлігі және көпұлтты,көпдінді ,араб мемлекеттері лигасын құрушы мемлекет  екендігі,10 бапта қасиетті және діни орындар мәдени және діни объектілер ретінде  мемлекет қорғауында болатындығы,40 бапта ар-ұждан және дін бостандығы жарияланған,41 бапта-Хуссейни шииттік топқа діни рәсім өткізуге құқық берілгендігі айқындалған.АҚШ бастаған коалиция С.Хусейн билігін құлатқан соң елде күрделі ішкі саяси процестер шиеленісіп,дінаралық(шииттер мен сүнниттер,мұсылмандар мен езидтер) және ұлтаралық(арабтар мен күрділер) қақтығыстар жиі көрініс беруде.Иракта қоғамның діни негізде бөліну мәселесі өткір тұр[2].          .

Ливия  халқының 95%-мұсылман,1 %-копт  христиандары.1951 жылы қабылданған ел конституциясының 5 бабында-ислам мемлекеттік дін  деп жарияланған,21 бапта дін бостандығы абсолютті, мемлекет барлық  діндерді құрметтейді.Мемлекет қоғамдық  тәртіп пен  моралды сақтаған  діни  ғибадаттарды  еркін  атқаруды  қорғайды  деп  көрсетілген.1969 жылы  төңкерістен соң  қабылданған  конституциялық декларацияның  1 бабында ливия халқы-араб ұлтының бір бөлігі,2 бапта ислам  мемлекеттік дін дін  деп көрсетілген.1977 жылы наурызда қабылданған халық билігін орнату туралы ливия  декларациясының 2 бабында-қасиетті  құран-социалистік халықтық ливия араб  жамахириясының конституциясы деп айқындалған.2008 жылы Дамаскде өткен Араб мемлекеттері басшыларының саммитінде Ливия төңкерісінің көсемі араб елдері басшыларын шынайы түрде бірігуге шақырып, аймақтық одақ құруды көздеді. Муаммар Каддафи (1942-2011)аймақ елдері үшін ортақ валюта – динарды енгізуді ұсынды. Каддафи араб мемлекеттері арасындағы алауыздық – араб әлемінің әлсіздігінің түпкі себебі деп атап көрсеткен болатын. 1970 жылдары жазылған «Жасыл кітаптың» авторы Каддафи 1969 жылдан 2011 жыл қазан айына дейін билік басында отырды. Каддафи тұсында Ливияда әлеуметтік салаға ерекше көңіл аударылды. Каддафи елінде саяси реформа жүргізіп, елді солшылдар мен коммунистік идеологиядан тазартты. Ол өзінің үшінші теориясында капитализм – бұл адамға қарсы шығу, коммунизм – құдайға қарсы бүлік, ал үшінші жол – жамахирия жолы деп көрсеткен болатын. Каддафи армандаған Африка құрама штаттары атты ірі геосаяси жоба панарабизм идеясына сүйенген. Панарабизм идеясы мен интеграциялық жобаларды  мұрат  тұтқан  Каддафи  1970  жылы  Мысыр,Ливия,Судан  мемлекеттерін  біріктірген  араб  республикаларының  федерациясын  құру  туралы  Каир  декларациясын  жариялауға бастамашы болды.1972  жылы  Триполи  қаласында  солтүстік  және оңтүстік  Йемен  басшыларының кездесуі  екі  жақтың  келісімімен аяқталды.1974  жылы Ливия  және Тунис  біріккен  араб  ислам  республикасының  құрылғандығын жариялады,алайда бұл жөнінде референдум өтпеді.1978 жылы Каддафи Алжир,Тунис,Ливия мемлекеттерін  біріктіруді  ұсынған болатын.1980 жылы  Ливия мен Сирияның  бірігуі  туралы  келісімге  қол қойылды.1982  жылы  Каддафи  даулы  саяси мәселелерді бейбіт  жолмен реттейтін арабаралық  арнайы  орган құруды  ұсынды.1983 жылы  Ливия  және  Марокко  мемлекеттерінің  одағын  құру  туралы  келісім жасалды.1970  жылы  Каддафи  Африка бірлігі ұйымының  мүше  елдерін  израилмен  қатынасты  үзуге  шақырды.1973 жылғы  Сот  күні соғысында израилді  қолдаған  АҚШ-на  мұнай  жеткізуге  эмбарго  жариялады.Ливияның бастамасын  араб  елдері  қолдады.Араб әлемі үшін  интеграциялық  бастамашы  болған  Ливияны Араб көктемі және  Үлкен  таяу шығыс жобасы  салдарынан азаматтық соғыс  өрті  шарпыды.Қазіргі  уақытта  Ливияның  шығысындағы Тобрук қаласында халық  сайлаған парламент,ал ел астанасы Триполида  БҰҰ және  батыс  еуропа қолдауымен құрылған ұлттық келісім  үкіметі жұмыс  жасайды.Тобруктағы  парламент үкімет  пен президенттік кеңесті мойындамайды.Бүгінде  азаматтық  соғыс  салдарынан елдің инфрақұрылымдық жүйесі  толыққанды жұмыс  жасамайды.Қазіргі таңдағы араб әлеміндегі саяси-экономикалық жағдайдың ушығуы, азаматтық қоғамның қалыптаспауы, билік пен халық арасындағы алшақтық, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі жастар арасындағы жұмыссыздық, кедейшілік, азық-түлік жетіспеушілігі мен бағасының өсуі, баспананың жетімсіздігі, отбасын құруға жағдайдың келмеуі, жемқорлық сынды дерттерден туындауда. Американдық саясаттанушы Гари Фуллер: «Жастар тобы басым қоғам төңкеріске бейім келеді» - деп санайды. Джек Голдстоун «Қазіргі әлемдегі төңкеріс пен бүліктер» атты кітабында, ХХ ғасырдағы төңкерістер жастары басым тұратын дамушы елдер мен демографиялық өсімі жоғары елдерде болады деп көрсетеді. Бүгінде  азаматтық  соғыс  салдарынан елдің инфрақұрылымдық жүйесі  толыққанды жұмыс  жасамайды.2018 жылы наурызда францияның бұрынғы президенті Н.Саркозидің 2007 жылы президенттік  сайлау науқанына М.Каддафидің қаржылай көмектескені туралы дау шығып Н.Саркозиге айып тағылды.Каддафидің ұлы Сайф әл –Ислам және ливиялық іскер Зияда Такидин  берілген қаражатты қайтаруды талап етті.  2011 жылы  араб  көктемі  төңкерісінің  бастауы  болған-Тунисте  2011-2018 жылдары аралығында 9  үкімет  ауысқан.2018 жылы  діни негіздегі  ан-Надха  партиясы  билікке  келу  жолында  күрес жүргізуде.Аймақтағы монархиялық билік (Сауд Арабиясы, Бахрейн, Кувейт, Иордания) Тунис пен Мысырдағы жағдай ушыға бастағанда өз елдеріндегі әлеуметтік жобаларды белсенді қаржыландыра бастады. Осылай елдегі болуы мүмкін әлеуметтік дүмпулердің алдын алу шараларын сәтті жүргізе білді.Сауд арабиясының «жас  арабтарының» қоғамдық өмірді  модернизациялауға  жасаған  қадамы  дәстүрлі  араб  қоғамдарында   заманауи сілкініс  тудырып  жаңаруға  жол ашуы  мүмкін.2018 жылы « Atlantic» журналына  берген  сұқбатында Мұхаммет бен Салман  ибн әл-Сауд  аймақтағы  тұрақтылықты  нығайту  үшін  Израилмен   бейбіт келісімге келуіміз  қажет  деп  атап көрсетті.Тақ мұрагері Палестина  мен  Израилдің дербес  мемлекет ретінде  өмір  сүруге  құқылы  екендігіне  назар аударды.2018 жылы  наурызда Мұхаммет бен Салман  ибн әл-Сауд  АҚШ-на жасаған сапарында ірі  және  ықпалды американ-еврей  ұйымдарының  жетекшілерімен  кездесті.Бұл  кездесуде  Израилмен  қарым-қатынасты жақсарту  және өзараәріптестікті қалыптастыру  мәселесі қозғалды.Сауд  билігінің Израилмен  жақындасуы Иранның аймақтағы ықпалын  әлсіретуге бағытталған.Сауд арабиясы  және  Израилдің геосаяси  және  әскери  мақсаттарында  жетуі  үшін  келісімге  келуі аймақ  елдерінің  қарым-қатынасына  ықпал  жасайды.Саудияның  Израилмен  қарым-қатынасын жақсартуға ниеттілігі  араб  елдерінің  ауызбіршілігіне  жаңа  бір  сынақ  болайын деп  тұр. 

 

Мысыр  араб  республикасы.Халық  саны-95  миллион.Ел  халқының  90% -мұсылман,9-10% -копт  христиандары,1%-өзге  христиан  қауымдары.Ұлттық  құрамы-98% арабтар.Копт (кибт)  патриархының  резиденциясы-Александрия  қаласында.1956 жылғы  ел  конституциясы зайырлы  сипатта айқындалды.Араб  әлемін біріктірушілік  идеясын ұстанған  Жамал Абдел  Насыр  секулярлық  позицияны ұстанды.әл-Азхар  университетін зайырлы мемлекеттік ұстанымға сай реформалауды   іске асырды.Елдің  отбасылық,мұрагерлік құқықтары шариғат заңымен  үйлесті.1958жылы Египет- Сирия  біріккен араб республикасын құрылды.Мысырда 2011 жылы парламент сайлауында «мұсылман бауырлары» сайлаушылардың 40% дауысына ие болды. «Мұсылман бауырлары»(елімізде  тыйым салынған) көпшілікті өз  жағына тарту мақсатында әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларын  өткізді. Көптеген елдерде террористік ұйым болып саналатын «Мұсылман бауырлары» (елімізде тыйым салынған) қарулы күрестен бас тартып, билікке бейбіт жолмен жетуді мақсат етті. Елде әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырған мұсылман бауырлары әлеуметтік аз қамтылған топтардың қолдауына ие болды.2011 жылы құрылған  мысырлық  сәлафиилік «Ан-Нур» («Хизб ан-Нур» – «Нұр партиясы»)    діни негіздегі   партия болып табылады.Ел аумағында  салафизм идеологиясын  ұстанатын  «Ад-дағуат ас-салафия», « Әл-жамаға-аш-шарғия», «Ас-сурурия ас-салафия», «Ансар ас-Сунна әл-Мухаммадия», «Әл-мадхалия»  сынды  ұйымдар бар.2012 жылы президент сайлауының екінші кезеңінде бұрынғы ел премьер-министрі Ахмет Шафиктен басым түскен мұсылман баурларының Әділет және даму партиясының өкілі Мұхаммед Мурси сайлаушылардың 51,7%  ие болды. Египетте 2012жылы желтоқсанда діни негіздегі конституция референдум арқылы қабылданды.Конституцияның 1 бабында мысыр  халқы  араб  және ислам-  үммасының бір  бөлігі,2 бапта  ислам-мемлекеттік  дін,шариғат қағидалары-заңның  негізгі  көзі,3 бапта мысыр христиандары және иудейлер діни заңдарын  ұстанады,4 бапта әл-Азхар  университеті-  ішкі  мәселелерін  шешуде автономды және ислам діні  мен теологиясын,араб  тілін  мысырда  және әлемде  оқытуға жауапты,ислам шариғаты бойынша  туындаған мәселелерде әл-Азхар  ғұламаларының пікірі  сұралатындығы көрсетілді.12  бапта  білім мен ғылымды арабтандыру  айқындалды, 13 бапта зайырлы лауазым  институтына  тыйым  салынды, 44 бапта елшілер  мен  пайғамбарларды  кемсітуге тыйым салынды.

Мұсылман  бауырларының шариғат  заңың  қоғам өміріне  еңгізуі  ондаған жылдар бойы коменданттық  тәртіп жағдайындағы  халық колдамады және шариғаттық  тәртіп зайырлы билікті жақтаушылардың наразылығын тудырды. Елдегі саяси жағдай мен тұрақсыздық дінаралық қатынасқа да әсерін тигізді. Ел халқының 10%  құрайтын копты христиандары шіркеуі қиратылып, копты христиандары мен мұсылмандар арасында қақтығыстар орын алды.Мұсылман бауырлары билікке  келген  соң мысыр мен иран қатынасы жақсара  бастады.  2013 жылы  шілде айында  билікті  әскерилер  қолға алды.Өтпелі кезеңде Мысырдағы билік елдің әскери күштерінің жоғарғы кеңесінде болды. 2013 жылы Мұхаммед Мурси  қызметтен аластатылды.2013 жылы«Мұсылман бауырлары» қызметіне террорлық ұйым ретінде тыйым  салынды. 2016 жылы Мұхаммед Мурси  өмір бақилық бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.Мұсылман бауырлары ұйымына Ресейде,Бахрейнде,Сауд арабиясында,Сирияда тыйым салынған.2014жылы қаңтарда Мысыр зайырлы негіздегі жаңа  конституция қабылдады Конституцияның 2 бабында ислам-мемлекеттік  дін,3 бапта мысыр христиандары және иудейлер діни заңдарын  ұстанады,7 бапта әл-Азхар жоғары шейхі  лауазымы дербес және  жоғары шейх  қызметінен  алынбайды, әл-Азхар ғұламалары арасынан жоғары  шейхті тағайындау  тәртібі заңмен  айқындалады  және мемлекет  университетті қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге міндетті  екендігі  бекітілді. 19  бапта  ІЖӨ  4%  білім  саласына  бөліну міндеттілігі, 22 оқытушылар және олардың көмекшілері білім  берудің  негізгі  тұғыры,мемлекет  ұстаздардың кәсіби дағдысы  мен ғылыми  құзіретін дамытуға кепілдік береді,білім  сапасын қамтамасыз  ету  мақсатындағы  еңбегін қаржылық және  моралдық тұрғыда қолдайды,24 бапта  ұлт тарихы,араб тілі,діни білім мемлекеттік және жеке жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын міндетті пәндер деп  көрсетілген,64 бапта сенім бостандығы жарияланған және илахи  діндерді ұстанушыларға  ғибадат орның  ашу  заңмен  реттелетін құқық  деп  жарияланды.

 2014жылы мамырда  президент сайлауында фельдмаршал Әбдел  Фаттах әс-Сиси жеңіске  жетті. «Ан-Нур»партиясы Әбдел  Фаттах әс-Сисиді қолдады.2014 жылы қантарда арнайы тіркелмеген  имамдарға  уағыз  жасауға  тыйым салынғандықтан 12мың  имам уағыз  айтудан  шеттетілді.Уағыз тақырыптары билік тарапынан  бекітілетін болды.Ел аумағында 27 мың мешіт жабылып,мешіттер бес  уақыт намаз  оқитын  орындар ретінде қолданылатын  болды. Әбдел  Фаттах әс-Сиси пәрменімен Әл-Азхар университетінде Әшғари  ақидасын оқытуға айрықша мән берілді.Зайырлы негіздегі шетін көзқарастағы құрылымдар«Мысыр жауынгерлері», «Төңкерісшіл бригада қозғалысы», «Молотов қозғалысы», «6 сәуір қозғалысы» билікті  сын тезіне  алуда.Мешіттерді  қатаң қадағалау,дін қызметкерлерінің қызметін  шектеу,діндарларды аңду және  тыңдау,қамау-бұл  радикализммен  күресудің күштік тәсілінің дәстүрлі  мәзірі.Бұл тәсіл қазіргі уақыта  нәтижелі  болмай  тұр.2017 жылы сәуірде  Каир және Александрия қалаларындағы  копт шіркеулерінде болған жарылыстар  антитеррорлық қызметтің  әлсіздігін дәлелдейді.Түрмелер радикалды  идеологияның ошағына айналды.Авторитарлық  іс-шараның күшеюінен Мысырда  діни  және  зайырлы оппозиция жасырын әрекетке көшкен. 2017  жылы маусымда Мысыр  және  Сауд  Арабиясы  теңіз  шекараларын  демаркациялау  нәтижесінде  Қызыл  теңіздегі  Тиран және Санафир  аралдары  Сауд арабиясына  берілді.2018жылы мысыр уақып министрлігі  әлеуметтік  желілерде,әсіресе  елде жиі қолданылатын Facebook және Twitter желісінде  атеизм,бидғаттық  ілім,экстремисттік  идеялардың таралуына қарсы  кешенді  жұмыстар  жүргізу жоспары қолға алынғаның  жеткізді.

Елдің  Синай түбегінде 15-ке жуық әсіре діншіл  топ  әрекет жасайды.2011 жылы «Ансар Байт-әл-Макдис» ұйымы «Вилайят Синай» құрылғандығын жариялады.2014жылы«Ансар Байт-әл-Макдис» ұйымы ДАИШ қатарына қосылды.Синайдағы мемлекеттік инфрақұрылымдар әлсіз.Синайдың  оңтүстігі туризм бизнесінен түскен  мол табысқа  кенелуде,ал  солтүстік бөлігі  кедейшілік қамытында күй кешуде.Бедуин тайпаларының мемлекеттік қызметке, әскер және полицияға қызметке тұруына кедергілер  көп. Жоғары оқу орындарында оқитын бедуиндердің  саны аз. Бедуин тайпаларының негізгі кәсібі Газа секторына заңсыз  тауар  өткізу.2018 жылы қаңтарда«Вилайят Синай» газа секторындағы  ХАМАС ұйымына жиһад  жариялады. Жиһад жариялауға ХАМАС ұйымының иранмен жақындасуы  себеп болған.  Египет халқының  30% кедей, 35% сауатсыз.Тұрғындардың 35% астамы әлі де болса сауатсыз.Бұл істі ауыздықтауға,шын мәнісінде шамамыз жетпей отыр[3].          .Елдің  экономикалық-әлеуметтік  мәселелерінің  шешілмеуі,діни араздық,тайпалық бөлінушілік,халықтың  білім деңгейінің төмендігі,азаматтық  қоғам  институттарының  әлсіздігі,сыртқы күштер  ықпалына  қарсы тұра алмау елдің  тұрақты  дамуының  басты  себептері.

Йемен  халқының  99%-мұсылман,басым  бөлігі-мұсылман  сүнниттер(шафии,ханафии,малик мазхабтары,)  және шиит-зейдиттер,сондай-ақ,христиандық(католик,протестант,ежелгі  шығыс  шіркеулері)иудей,индуизм,зороастризм  сенімін ұстанушылар  бар.Йемен  республикасының  1991 жылы  қабылданған конституциясының  1 бабында  йемен  халқы  араб  және  ислам  әлемінің бір бөлігі деп  көрсетілген.Негізгі  заңның  2 бабында ислам  мемлекеттік дін,3 бапта шариғат-ел  заңының негізгі  тірегі  ретінде айқындалған.Сонымен қатар,21 бапта  мемлекеттің шариғат бойынша  зекет жинап және  жұмсайтындығы нақтыланған,59 бап дінді және  отанды қорғау  азаматтың  қасиетті борышы деп  көрсетілген. Ел халқының 38  пайызын  шиит-зейдиттер құрайды.

Хусилер немесе Ансар Алла  Йеменде әрекет жасаушы шииттіктің зейдит тармағының  әскери тобы.Негізін  салушы –Хусейн әл-Хуси.2004 жылы Йемен билігіне қарсы бүлік ұйымдастырып,елдің  оңтүстік аймағын  басып алды .2011 жылы йемендегі төңкеріс салдары  2012жылы солтүстік аймақтың тумасы президент  Әли  Абдалла Салех(1942-2017) биліктен  кетуге мәжбүрледі.2011 жылы  қарашада Эр-Риядта сауд королінің  қатысуымен  парсы  бұғазы араб елдерінің  ынтымақтастық  кеңесі даярлаған келісімге  қол  қойылған соң ел билігі вице-президент соңтүстік аймақтың тумасы сүннитАбд-Рабб  Мансұр  Хади  қолына өтті.2014 жылы  билікті қолына  қайта  алғысы  келген  Салех  хусилермен мәмілеге  жасап елдің  солтүстігін  басып алды.2015жылы хусилер елдің астанасы Сана қаласын иеленді.Ел президенті Абд-Рабб  Мансұр  Хади  сауд арабиясына  кетуге  мәжбүр болды. 2015 жылы Сауд Арабиясы  бастаған  коалиция(Мысыр,БАӘ,Кувейт,Бахрейн,Судан,Иордания,Катар,Марокко)Абд-Рабб  Мансұр  Хади  жақтастарына қолдау  көрсетуде.Елдің тұтастығын  сақтауды қалайтын Хадидің  өтінішімен  араб елдерінің  әскері  ел аумағына кірді.2007жылы  құрылған «Оңтүстік  қозғалысы»(Әл-Хирак) оңтүстіктің  дербестігі  үшін  күреседі.Оңтүстік  қозғалысына  сауд арабиясы  мен  БАӘ қолдау  көрсетеді.Деректер бойынша,хусилерге иран,сирия  әскери және қаржылай қолдау көрсетеді.Шиитер елдің солтүстік аймағын мекендейді.1962 жылғы  төңкеріске  дейін бұл  аймақта  зейдиттік  имамат болған.Елдегі  соғыс салдарынан 3  миллион  босқындыққа ұшыраған.Йемендегі саяси   дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық,діни,ру-тайпалық  себептері мен шиеленіске ықпал етуші ішкі және сыртқы  факторлары бар.Жаһандық   және  аймақтық ойыншылардың  геосаяси және геоэкономикалық  мүдделер  қақтығысы мен әскери текетіресі  араб әлемінде бейбіт өмір мен тыныштық  орнауына  кедергі  болып  отыр.

 

Сирия  араб  республикасы.Ел  халқының  93%-мұсылман(75%-cүннит,13%-шиит,3%-друзд),6%-христиандықты  ұстанады.Ұлттық құрамы-90%-араб,9%-күрд  және  шеркеш,түркімен,армян ұлттарынан құралған.2012 жылы қабылданған  конституцияның  1 бабында сирия халқы араб ұлтының  бөлігі,3 бапта  республика президентінің  діні-ислам,ислам құқығы-ел заңының негізгі  көзі,мемлекет  барлық  діндерді құрметтеуі  тиіс және қоғамдық тәртіпті бұзбайтын ғұрыптардың орындалу еркіндігі  қамтамасыз  етіледі,діни  қауымның  жеке мәртебесі қорғалуы және  құрметтелуі керек деп  көрсетілген.7 бапта конституциялық ант жаратушының  атымен  беріледі деп  айқындалған.Қазіргі  таңда  ел  билігі-баас  партиясының қолында.1947жылы Сирияда Баас(Араб  социалистік  өрлеу  партиясы) құрылды.Партияның  тұғыры-панарабизм,араб социализмі,антиимперализм.Ұраны -бірлік,азаттық,социализм.Партияның бөлімшелері Ирак,Алжир,Мысыр,Иордания,Кувейт,Ливан,Ливия,Палестина,

Судан,Тунис,Йемен,Мавритания,Сирияда  бар. 1966 жылы партия сириялық және  ирактық  бөлімшелерге  бөлінді.Бұл  араб  әлеміне ортақ  саяси  тұғырдың  бар екендігін көрсетеді. 2015 жылы қыркүйектен Б.Асадтың сұрауымен Ресейдің әскери ғарыштық күштері радикалды топтарға әуеден соққы жасауда.Сирияның Хмеймим қаласында ресейлік әскери күштері шоғырланған,ал Тартус  портында  ресей  әскери теңіз күшінің  материалдық  қамтамасыз ету тірек  базасы орналасқан. Латакия ауданында алавилер шоғырланған.Сириядағы шиеленісті саяси-діни жағдай шиеленісіп аймақтық және жаһандық сипат алып бара жатқан тәрізді. Башар Асадқа қарсы оппозиция күштер жағына әсіре діншіл топтар қолдау көрсетуде. Ал алавиттер, друздар, христиандар үкіметті қолдауда. Сириядағы қақтығыс шекаралас елдерге де теріс ықпал етіп отыр. Қазіргі Сирия аумағында түрлі саяси және діни топтар,радикалды және лаңкестік топтар да әрекет етіп отыр.Женева қаласындағы миграция бойынша  халықаралық ұйымның деректеріне сүйенсек,  Солтүстік африка және Таяу шығыс елдеріндегі қырғыннан бас сауғалаған босқындар саны Еуропа одағы елдерінде миллионнан асқан.Таяу Шығыстағы  кикілжіңдер мен қақтығыстар құрбандарының саны 250 мыңнан асқан.ДАИШ  және басқа лаңкестік ұйымдардың жанкештілері бейбіт тұрғындардың отаның тастап кетуге мәжбүрлеуде.Радикалшылдар Сириядағы көне мәдени-тарихи объектілерді қиратты. Друздар  Сирия,Ливан,Иордания  және  Израил  аумағын  мекендейтін арабтардың этноконфессионалды тобы.Сириялық  друздар  Жабал-друз  аймағында  қоныстанған.1981  жылы стратегиялық тұрғыдан  маңызды Голан  жотасын  израил аннексиялаған  соң друздарға  израил азаматтығын алу  ұсынылды.Друздардың көпшілігі  сириялық азаматтықты сақтап  қалды.Израилдегі друз қауымдарының кнессетте  өкілдері  бар  және друздар елдің  әскерінде  қызмет  атқарады.Друздардың  діни ілімі XI  ғасырда Мысыр және  Оңтүстік Ливандағы  исмаилиттік діни ұстаным аясында  қалыптасты.Друз  ілімінің  қалыптасуына  Мұхаммет  бен  Исмаил  Дарази  ықпал  етті.Друздар  өздерін  таухид  сенімін  ұстанушылармыз  деп  санайды.Калима шахаданы  тілмен айтады.Друздар тән  өлген  соң жанның  бір денеден екінші денеге ауысуына сенеді.Бөтен  ортада діни  ілімдерін  жасыруды  әбестік  санамайды.Құрбан  айт  және  шииттік аза  күні  ашураны атап өтеді.Діни  жиындары  бейсенбі  күні  күн батқан  уақытта  өтеді.Кейбір  діни ғұрыптары жасырын  өткізіледі.Друз  қауымын  40  жасқа  толған білімді  және  беделді  уккал (білгір) басқарады.Друздар ақиқат  адам  абыройының негізгі өлшемі деп  санайды.Көне  Өсиет,Жаңа  Өсиет,Құран-Кәрімді қасиетті кітаптар  деп санайтын  друздар өздерінің  киелі кітаптарын  діни жиындарында оқиды.Діни  рәміздері-жасыл  түс-ғаламдық ақыл,қызыл түс-ғаламдық жан,сары  түс-сөз,көгілдір түс-ықтималдық және  мүмкіндік,ақ  түс-болашақты  білдіреді.Друз  отбасылық  құқық  кодексін1948жылы    Ливан ,1953жылы  Сирия,1961 жылы  Израил парламенттері қабылдады.Таяу  шығыс  друздары  араб  тілінің  сирия-ливан,палестина-иордан  диалектілерінде  сөйлейді.Қазіргі  кезде  Ливан үкіметінде друздар  үш  министрлікті  басқарады.1939  жылдан Дамаск қаласында антиохия  патриархатының  резиденциясы  орналасқан.

Сирияда билік басында алавилік топ ел тізгінін ұстап отыр.Алавииилік  топтың мемлекеттің негізгі күштік  құрылымдарын (қарулы күш,барлау және арнайы қызмет) қолға алуы Хафез Асадтың(1930-2000) билігі тұсында 1971-2000 жж. күшейді.  Елдегі алавилік сенімді ұстанушылар саны-2-2,5 миллион шамасында.Алавилер Латакия және Тартус порты маңында  тұрады. 1973 жылы Иран алавилік топты шииттік ағым ретінде  мойындады.Алавилердің ұстанымы бойынша,Әли ибн Әбу Талиб –Құдайдың көрінген бейнесі,Мұхаммет –Құдай бейнесі,Салман Фарси-Құдай қақпасы.Алавилер –Адам,Нұх,Жақып,Мұса,Сүлеймен,Иса, Мұхаммет пайғамбарлар арқылы құдайды тануға болады деп санайды.Алавилер христиандық Рождество және Пасха мейрамдарын атап өтеді.Евангелияны қастерлеумен қатар,евхаристия құпиясын мойындайды. Христиандық есімдерді қолданады.Бонапарттың мысыр жорығында француз әскеріне ,1768-1774 жылы орыс-түрік соғысында ресей әскеріне қолдау көрсеткен алавилік саяси топ қазірге кезде батыс коалициясы пен ресей-иран тобының текетіресінің қолжаулығына айналды.Деректер бойынша Сирия билігіне Иран және Ресей  көмек көрсетеді.2015 жылы қыркүйектен Б.Асадтың сұрауымен Ресейдің әскери ғарыштық күштері радикалды топтарға әуеден соққы жасауда. Сириядағы саяси  шиеленісті жағдайға діни сипат беру жолымен мұсылман әлемінің діни сезімі мен наразылығын тудыру арқылы өз мақсатына жетуді көздейтін мүдделі топтар дінді бүркеме ретінде қолдануда. Башар Асадқа қарсы оппозиция күштер жағына түрлі мақсаттағы әсіре діншіл топтар қолдау көрсетуде. Ал алавилер, друздар және христиандар үкіметті қолдауда. Сириядағы қақтығыс шекаралас елдерге де теріс ықпал етіп отыр. Қазіргі Сирия аумағында түрлі саяси және діни топтар,радикалды және лаңкестік топтар да әрекет етіп отыр.Аллепоның солтүстігінде түркия қолдауындағы топтар,шығысында АҚШ қолдайтын сирия демократиялық күштері,батыс және орталық тұсында Иран мен Ресей бақылауындағы топтар әрекет етуде.2011 жылы Джабхат ан-Нусра ұйымы(елімізде тыйым салынған)   ДАИШ –тың сириялық бөлімшесі ретінде құрылды.2016 жылы Джабхат Фатх аш-Шам(Шамды азат ету майданы) жобасы ретінде қайта құрылды. 2017 жылы атын Хайат Тахрир аш-Шам өзгертті. Салафиилік идеологияны ұстанатын Хайат Тахрир аш-Шам мақсаты Сирия аумағында шариғаттық негізде мемлекет құру. 2011 жылы Харакат Ахрар аш-Шам(Шамның азат халқы қозғалысы) құрылды.2015 жылы Ахрар аш-Шам қолдауымен Фатх Халяб және Джейш әл-Фатх коалициясы құрылды.2014 жылы сириялық мұсылман бауырлармен байланысты Фейляк аш-Шам (Шам легионы ) құрылды.Сонымен қатар,Лива Сукур аш-Шам(Шам қырандары бригадасы),Джейш әл-мухаджирун,әл-Хатиба,әл-Хидр,Ансар –ад-Дин сынды ірілі-ұсақ топтар түрлі елдердің қолдауымен әрекет жасайды.Женева қаласындағы миграция бойынша  халықаралық ұйымның деректеріне сүйенсек,  Солтүстік африка және Таяу шығыс елдеріндегі қырғыннан бас сауғалаған босқындар саны Еуропа одағы елдерінде миллионнан асқан.Таяу Шығыстағы  кикілжіңдер мен қақтығыстар құрбандарының саны 250 мыңнан асқан.ДАИШ(елімізде тыйым салынған)  және басқа лаңкестік ұйымдардың жанкештілері бейбіт тұрғындардың отаның тастап кетуге мәжбүрлеуде.Радикалдар Сириядағы көне мәдени-тарихи объектілерді қиратты. Сирия және Ирак аумағында жасанды халифат идеясы мен теріс діни идеологияның жеңіліс тапқанына көзі жеткен түрлі елдерден келген радикалды топ мүшелері өз отандарына қайтуда.Еуропа елдері таяу шығыстан қайта оралған азаматтарын арнайы тізімге алып оңалту орындарына жіберуде.Орталық азия өңірінен кеткен радикалдардың қайта оралуына байланысты мемлекетіміздің басшысы  орталық азия елдерінің басшыларымен Астанадағы кездесуінде аймақ елдерін өте сақ болуға шақырды.2017 жылы шілдеде елімізде лаңкестік қылмыс үшін азаматтықтан айыру туралы заң бекітілген болатын. Жаһандану заманында геосаяси және геоэкономикалық мүдделердің діни негізде бүркемеленуі және діннің саясилануының күшеюі,алпауыт елдердің әлемдік саясат пен нарықтағы бәсекелестігі мен мүдделер қайшылығында діни факторды әлемдік және аймақтық қатынастардың өзекті құбылысына айналдырып отыр.Әлемдік экономика мен қаржылық дағдарыстардың шешілмеуі және әлеуметтік мәселелердің күрделі сипат алуы  батыс елдерінде ксенофобиялық әрекеттердің туындауына  түрткі болып отыр. Батыс  еуропа елдеріне  миллиондаған босқындар мен  мигранттардың  ағылуы  бұл  елдерде антимигранттық  популистік партиялардың  билікке  келуіне  түрткі  болуда.Қоғамдық пікірді өзге арнаға бұру үшін ақпарақтық шайқас алаңына әлеуметтік желілер және ғаламтор сайттары тартылуда.Кибер шабуылдар мен кибер лаңкестік гибридтік соғыстың маңызды құралына айналды.Бұл үшін түрлі жобалар дайындалып адам санасы мен психикасына ,іс-әрекетіне ықпал жасаушы тетіктер механизмі жетілдіріліп,гибридті ұрыстар жүргізілуде.Діни экстремизм мен  фанатизм,әсіре діншілдіктің жаһандық сипат алуы  жаһандық  және  аймақтық аузын  айға  білеген азулы  ойыншыларының саяси  және  экономикалық  тұрпаттағы  стратегиялық мүдделерінің   геосаяси тұрғыда шиеленісуі  жағдайында  ушығып  кетті.

 

 

Қазіргі таңда  араб көктемі жобасы және солтүстік африка төңірегінде оқиғаларға байланысты исламдық басқару және саяси ислам,ислам экономикасы ұғымдары қатысты саяси пікір таластар мен зерттеулер қарқынды жүруде.Араб елдерінің қоғамдық-саяси өмірін қарастырғанда дін,саясат,құқық,экономика сынды қоғамдық құбылыстарды бірге қарастырған жөн.Араб дүниесінде мемлекеттік құрылымдардың әлсіздігі,азаматтық институттардың қалыптаспауы,ру-тайпалық дүрдараздық,кландық басқару дәстүрі,діни алауыздық,билік пен қоғамның алшақтығы,сыртқы ықпалға қарсы тұра алмауы қазіргі шындық.Араб дүниесінің мемлекет және дін қатынасын қалыптасу жолын,мемлекеттік құрылыс құрылымын зерттеу,бір дінді ұстанатын және бір тілде сөйлейтін халықтың мәдениеті мен ділін,өмір салтың зерделеу арабтық ойлау мәдениетін және рухани жан-дүниесін ұғынуды қажет етеді.

Әдебиеттер.

1.Т.Абдырахманов.М.Амердинова.Исламский мир.-Б.2015.С.10.

2.Казахстан и организация исламской конференция.А.2011.С.149.

3.Махмұд Хамди Зақзұқ.Ұмытылған құндылықтар.А.2006.32Б.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір