• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:59:00
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 NEWS

Қазір уақытша тіркеуге тұру үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ - ҚР ІІМ

Сондай-ақ, қазір тіркеуге тұру кезінде тұрғын үй құжаттарын ұсыну қажет емес

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов уақытша және тұрақты тіркеуге тұру енді онлайн режимде іске асырылатынын атап өтті. Бұл жайында министр бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"2017 жылы қаңтарда күшіне енген заңнамалық өзгертулер көші-қонды бақылауды күшейтуге жол ашты. Бұл тіркеу есебін ретке келтіру арқылы жүзеге асуда. Азаматтар өздері тұратын жерге 10 күннің ішінде тіркелуі қажет. Тұрақты және уақытша тіркеуден бастартқан адамдарға да қатысты талап күшейтілді", - дейді министр Қасымов.

Сонымен қатар, бүгінде тіркеуге тұру үшін арнайы ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ екендігін айтты.

"Қазір уақытша тіркеуге тұру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Тіркеу онлайн режимде жасалады. Қазіргі таңда дәл осылай тұрақты тұратын жері бойынша да онлайн тіркеу енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, қазір тіркеуге тұру кезінде тұрғын үй құжаттарын ұсыну қажет емес. Бұл мәлімет қызмет көрсету орталығында мекен-жай регистрінен алынады", - дейді Қалмұхамбет Қасымов.

«Үй кітапшасы Әділет министрлігінің мекен-жайды тіркеу кодына байланыстырылатын болады. Әділет министрлігі мұндай кодты бір ғимаратқа ғана береді және ол тіпті көше, аудан немесе қала атауы өзгерсе де өзгеріске ұшырамайды. Аталған тіркеу кодына біз үй кітапханасын байланыстырамыз. Қазір тіркеуді бастадық. Қазақстанның 18 млн азаматының бүгінде 5 миллионы тіркелді. Оны жылдың соңына дейін бітіруге тырысамыз. Осыдан кейін азаматтарымыз аталған үй кітапшасы негізінде мекен-жайдың электронды анықтамасын электронды түрде тегін ала алады», - деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір