• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:46:22
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Қажылықта болған сексуалды зорлық. Мұсылман әйелдер ашық пікір білдірді

Жүздеген мұсылман әйел кіші және үлкен қажылық кезіндегі сексуалды зорлық туралы ашып айтты

Жүздеген мұсылман әйел кіші және үлкен қажылық кезіндегі сексуалды зорлық туралы ашып айтты Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Олар өз бастарынан өткен оқиғаны #MosqueMeToo хэштегі арқылы әлеуметтік желіге жариялауда.

«Менің 33 жастағы Каирдың тұрғынымын. Мен қажылық кезінде сексуалды жәбірді екі рет басымнан өткердім. Мен алғаш рет 22 жасымда Умра жасадым. Қажылық жасап жүргенде артымнан бөтен еркек түртіп, маған тиісті. Келесі қажылық сапарым бірнеше жылдан кейін болды. Мен Қасиетті Қағбаны тауаф етіп, айналып жүрген кезде менің артымнан бөтен жігіт қалмай еріп жүрді. Алғашында мен сәйкестік деп ойладым. Алайда ол біраз уақыттан кейін маған қарап жымиып, менің көзіме ұзақ уақыт қарап тұрғанын байқадым. Мен оның көзқарасынан қатты шошынып қалдым. Бұл оқиғаны мен ешқашан ұмыта алмаймын», - дейді Сальма Омар атты үш баланың анасы.

Сонымен бірге ол осы секілді жайттар кез келген мемлекетте, қалада болуы мүмкін, алайда қасиетті Меккеде осындай жайттың орын алуы адам сенгісіз екенін айтты.

Кей адамдардың пікірінше бұл оқиғаны сексуалды зорлық деп атауға болмайтын шығар. Алайда Ислам дінін қатты ұстанатын елдің тұрғындары үшін бұл қалыпты жағдай емес. Сонымен бірге көптеген адамның ойынша, бес парыздың бірін орындап жатқан мұсылман жаман пиғылды ойына да алмау керек.

Ал кейбір мұсылмандар  әлеуметтік желідегі осыған ұқсас жазбаларға қарсы пікірін білдіріп те жатыр. Олар да Меккеге бірнеше рет барғанын, алайда осыған ұқсас жайтты ешқашан кездестірмегенін алға тартуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір