• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:41:32
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2018 NEWS

«Қазавтожолдың» экс-басшысы тергеу изоляторында асылып қалды

«Қазавтожол» мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры Əділ Нығметов ірі көлемде пара берді деп 3 жылға сотталған болатын.

Астананың тергеу изоляторында асылып қалған Әділ Нығметовтың қазасының себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Қазавтожол» мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры Əділ Нығметов ірі көлемде пара берді деп 3 жылға сотталған болатын.

Нығметов  Астанадағы тергеу изоляторында асылып қалған.  Суицидке баруының себебі әлі белгісіз.

«Өз өзіне қол жұмсау фактісін растаймыз. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сотталған тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген. Өлім алдындағы хатты қалдырған жоқ», - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметкері Ағылай Тұрланова.

Естеріңізге салсақ, «Қазавтожолдың» басшылары мен аймақ филиалдары басшыларынан құралған 20 өкілі ірі көлемде пара беру дерегімен ұсталған еді. Солардың арасында Әділ Нығметов те бар. Олар бюджет қаржысын игерудегі құйтұрқылықтарын жабу үшін Есеп комитетінің 2 қызметкеріне 16 миллион теңге пара бермекші болған. Ақырында Нығметов 3 жылға қамалды. Алайда, өзін кінәсіздігін дәлелдемек болған ол апелляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалған. Сөйтіп, ол тергеу изоляторына жабылып, соңғы кассациялық сотты күтіп жатқан болатын.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір