• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:05:35
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 NEWS

«Қазақстанның жер телімдері жалға кете бере ме?»

«Jumbaktas» қонақүйінде өткен талқылауды қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жүргізді

Бүгін Астанада Мәжіліс депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері мен азаматтық белсенділер жер мәселесін талқылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жер туралы заң жобасын талқылауға Қарағанды қаласынан келген қоғам белсендісі Жексен Әбдрахмановтың айтуынша, осындай жиындардың арқасында елдің ащы зары, елдің мұң-мұқтажы жоғарғы биліктің құлағына жетеді.

– Кедейді күні кіжінеумен өтеді дейді. Жыл болды, «елім» деп кіжінеміз, «жерім» деп кіжінеміз, «қазақша білмейтін министрлер» деп кіжінеміз. Біздің кіжінуіміз қашан бітеді? Биліктегілер қашан елдің тілегін елейді? Қазақ тілін білмейтін адам Қазақстанда ең биік лауазымда отыруы деген не масқара? Әрбір саланың ең биік тұғыры – министр болса, сол саланың ең ақылдысы ғой, бірақ ол елдің тілін білмейді. Біздің жеріміз бетпақ дала, ауыл шаруашылығына жарамайды. Сонда ол жерді жалға бере беруге бола ма? Қазақстанның жер телімдері жалға кете бере ме сонда? Қалай?» - деді Жексен Әбдірахманов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір