• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:12:50
Алматы
+35°

16 Маусым, 2018 NEWS

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстанның туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кеңес барысында туризм саласын дамытудың маңызды аспектілері талқыланып, туристік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР туристификация картасы жобасымен таныстырды.

Карта жобасы 62 туристік дестинация мен нысаннан тұрады, олардың 46 бұрыннан әрекет етуші және 16 жаңа. Негізгі іріктеу критерийлері жалпы ел үшін туристік магнит ретінде нысанның бірегейлігі және туристік ағын көлемінің әлеуетті өсуі болды. Ұсынылған нысандардың тарихи және мәдени маңызы, мысалы, ЮНЕСКО-да мойындалған ескерткіштер немесе Ұлы Жібек жолының нысандары тізіміне енгізілген ескерткіштер, сондай-ақ «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандар ескерілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір