• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 19:00:15
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 NEWS

Қазақстанның өзге елдерге берген қарыздарын қайтару қажеттілігі талқыланды

Депутат Ирина Унжакова Грузия Үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқанын атап айтты

Бүгін Палатаның кезекті жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин басқа елдердің Қазақстанға қайтаруға тиіс берешекетерін уақытында реттеу керектігіне назар аударды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Нақтылап айтқанда бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттерін қайта құрылымдауға қатысты ратификациялық заң жобасын талқылау кезінде көтерілді.

Мәселен, депутат Ирина Унжакова Грузия Үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқанын атап айтты.

Осыдан кейін Мәжіліс Спикері қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа: « грузиндік әріптестермен қарыз мәселесінің реттелгені жақсы, дегенмен, бұл босаңсуға себеп болмауы керек. Өйткені, басқа елдермен қарыздар бойынша әлі реттелмеген сұрақтарбар»,-деді.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қайтарылған қаржылар бюджет қоржынын толтыру керектігін айта келіп, - қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек,-деді.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір