• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:11:19
Алматы
+35°

Ғабит Мүсірепов «Хас сұлудың көз жасындай, мөлдір өнерге» балаған театр қашан да болсын  рухани азық жинап, тағылымы мол тарихтан хабар беретін алтын бесік. Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге бастамашы болатын да театр. Бүгінде еліміздің барлық қаласында мәдениет ошақтары, яғни  театрлар бар. Қазақ театрымен қоса, өзге ұлттың мәдениетімен танысуға да жағдай жасалған. Ендеше, салыстырып көрелік. Қазақ театрының көшін бастап тұрған биыл 92-ші маусымын ашқан М.О.Әуезов атындағы қазақ драма театры мен 1993 жылы Алматы қаласында ашылған М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театрына келушілердің саны қандай? Өнерге деген қызығушылық қандай дәрежеде?

Алдымен қазақ театрының  тарихынан хабар берсек.  Тұңғыш рет 1917 жылы Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды. Аталған пьеса елімізде театр ошақтарының көбеюіне бастамашы болды.

Бүгінде қалың көрерменді өзіне үйіріп отырған Алматы қаласындағы М.О. Әуезов атындағы драма театрдың 24-ші қазанда сахланайтын қойылымын көрелік.

қыз жібек

Гогольдің «Үйлену» комедиясы алғаш рет 1961 жылы Н.Жантөриннің режиссерлігімен қалың көрерменге жол тартқан. Жанры - комедия. 

Ал дәл осы күні Лермонтов атындағы орыс драма театрында 2017 жылы 24-ші маусымда премьерасы өткен «Горе от ума» трагикомедиясы сахналанады.

театр

Театр -  қоғамның айнасы. Аталған қойылымдар күнделікті өмірде болып жатқан өзекті мәселерді астарлы мысқылмен, қағытпа қалжыңмен, әдепті әзілмен жеткізеді.

Екі қойылымның да билет құны 500 теңгеден басталады.

Орыс драма театрына барып көруді жөн санап билет сатып алуға болатын сайтты қарадық. Қойылымның сахналануына әлі 5 күн бар, алайда бірде – бір билет қалмаған.

театр

Ал М.О. Әуезов атындағы қазақ драма театрындағы қойылымға билет бар ма екен?

Біршама орын бос тұр.

театр

театр

"Горе от ума" қойылымының жаз мезгілінде премьерасы болғандықтан қалың көрерменді өзіне жиып отыр ма? деген оймен басқа да қойылымдарға назар аудардық. Бұл жерде де санаулы ғана орын қалған.

театр

Әуезов атындағы қазақ драма театрында мөлдір махаббатты суреттейтін «Қыз Жібек» қойылымының премьерасы 2017 жылы  13-14 маусымда өтті. Ал 2 күннен соң сахнада сомдалатын қойылым билеттерінің сатылымы қандай екен? Бұл жақта да біршама орын әзірге бос тұр. 

театр

Екі театрдағы билет сатылымын ескере келе, орыстілді көрерменнің саны Мұхтар Әуезов негізін қалаған қазақ драма театрына қызығушылардан әлдеқайда көп пе деген жауапсыз сұраққа тап боласың. Екінші жағынан қазақтілді көрермен біраз уақыт бұрын билет алып қамданбайды деген ойға келесің. 

Бастысы, театрдың ғұмыры, өнердің өмірі көрерменнің қошеметімен өлшенетіні ескеріліп, театр есігін тоздырушылар қатары көбейсе, нұр үстіне нұр болады. 

Айгерім ТАУБАЙ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір