• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:35:28
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 NEWS

Қазақстандықтар домбыра күнін қалай атап өтеді?

Еліміздің басқа өңірлерінде тұратын азаматтарға қала орталықтарында ұйымдастырылатын мерекелік шараларға қатысуына болады.

Қазақстанда домбыра күні жоғары дәрежеде тойланады, түрлі концерттер мен думанды шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасының бастығы Болат Мажағұлов мәлімдеді.

Ол осыған дейін «Бәйтерек» монументінің жанында 500 домбырашы қатысқан флеш-моб өткенін атап өтті. Сол тұста қалалық билік халық арасындағы осындай іс-шараларға қызығушылық танытып, қоғамда резонанс туғанын еске алды.

«Бұл тарихи сәт. Астананың 20-жылдығын тойлау аясында 1 шілдеде үлкен іс-шара ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде 1300 қатысушы тіркеліп үлгерді. Тіркелгендердің барлығы домбыра шерте алады және осы күні халықпен бірге болғысы келеді», - деді Мажағұлов.

Еліміздің басқа өңірлерінде тұратын азаматтарға қала орталықтарында ұйымдастырылатын мерекелік шараларға қатысуына болады.

«Шын мәнінде, домбыра ұстай алатын кез келген адам қатыса алады, аспапта өз қалауы бойынша ойнай алады. Сонымен қатар, олар бүтін бір оркестр құрып домбыра тарта алады. Іс-шаралардың көбісі қарапайып халыққа арналған. Сол себепті біз Алматыға ұлттық аспаптар музейін алып барамыз. Көрмеге заманауи шеберлердің жасаған музыкалық аспаптары да қойылады», - деді басқарма басшысы.

Астанадағы іс-шараның басталуы 1 шілде күні 12:00-ге жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір