• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:00:46
Алматы
+35°

23 Қазан, 2017 NEWS

Қазақстандық журналист Украина абақтысында отыр

Интерпол желісі бойынша қазақстандық журналист Жанар Ахмет халықаралық іздеуде жүр.

Интерпол желісі бойынша қазақстандық журналист Жанар Ахмет халықаралық іздеуде жүр, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жанар Ахметтің қорғаушысы оның  Вышгород қаласының уақытша ұстау абақтысында отырғанын мәлімдеген болатын. Журналисттің қорғаушыларының бірі Владислав Грищенконың хабарлауынша, ол Киев-Святошинск ауданында ұсталып, сол уақытта құзырлы органдар хаттама жасаған. Жанар Ахметтің ұсталуының себебі: Интерполдың желісі бойынша халықаралық іздестіру тізімінде болғандығы және Қазақстанда алаяқтығы үшін іздеу жарияланғаны екен. Қазір журналист Вышгород қаласындағы уақытша ұстау абақтысында.

23 қазанда, яғни бүгін  Киев ауданының Киев-Святошинск соты Жанар Ахметті «экстрадициялау рәсімі шеңберінде уақытша қамауға алу туралы» мәселені қарайтын болады. Айта кету керек, ұсталған журналисттің кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар. Ол таныстарының қамқорлығында. Өйткені, олардың Украинада ешқандай туыстары жоқ.

Киев облысындағы Ұлттық полицияның өкілі Николай Жукович Жанар Ахметтің қалай ұсталғанын және оның тұрғылықты жерін растады. «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-бабы («Уәкілетті лауазымды тұлғаның ұсталуы») бойынша ұсталған қазақстандық журналист Вышгород қаласындағы  уақытша ұстау абақтысында. Ертең немесе арғы күні сотқа шақырылады. Ол Интерпол желісі бойынша іздеуде болғандығы үшін қамалды», - деді Жукович.

Естеріңізде болса, Жанар Ахмет 2017 жылдың наурыз айында Қазақстаннан Украинаға қашып кеткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір