• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:12:58
Алматы
+35°

23 Қазан, 2017 NEWS

Қазақстандық жұлдыздарды тойға шақыру қанша тұрады?

Тойға әр-түрлі әншіні шақыруға болады, егер ол танымал болмаса, онда той жүргізушісі мықты әзілкеш боуы керек.

Жұлдыздарды тойға шақыру құны олардың танымалдылығына байланысты. Мәселен, Қазақстандағы нөмірі бірінші сұранысқа ие әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты тойға шақырамын десеңіз біраз шығынданатыныңызды біліп қойыңыз. 

Кез келген той музыкасыз, бисіз және өткір әзілсіз өтпейтіні белгілі. Сол себепті, танымал әнші мен әзілкештерді тойға шақырудың құнын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме бере отырып назарларыңызға ұсынады.

Тойға әр-түрлі әншіні шақыруға болады, егер ол танымал болмаса, онда той жүргізушісі мықты әзілкеш болуы керек. Ал жұрттан ұят болмасын десеңіз, онда керемет жұлдыздарды шақыру керек. Қаншалықты танымал болса, соншалықты мықты той болатындығы сөзсіз.  

Әртістерге төленетін қаржы біреудің қалтасын көтермесе, өзгелеріне ол түк те емес. Елде дағдарыс болып жатса да, бастысы «жұрт не дейтіндігін» ескеру. Сондықтан, көптеген қазақстандықтар ақша жинайды немесе несие алады. Олар тойға кеткен шығынды жұрт әкелген тойананың жабуы мүмкіндігіне сеніп, нағыз той жасайды.

яндекс

Жоғарыда атап өткендей, жұлдыздардың құны олардың танымалдылығына байланысты. Мәселен белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты бір тойға шақыру үшін 15 мың АҚШ доллары қажет. Ал ең танымал «камызяк» Азамат Мұсағалиевтың бағасы ше? Оған қоса, бұдан да басқа әзілкештер Данияр Жұмаділов, Құмар Лұқман және Гульнара Сильбаевалар бар. «Спарта» командасының капитаны Данияр Жұмаділов өзінің жүргізушісімен бірге тойды 1 миллион теңгеге дұрыстап өткізіп береді. Барлық нөмірлер бұл бағаға кіреді. Егер өз тойыңызда «спартандықтар» мен «қазақтарды» көргіңіз келсе, оларға төлейтін сома да арта бермек, яғни бір әртістің құны 1 миллион теңгеден.

Соңғы кездері ең қымбат той әншісі Димаш Құдайберген болуы мүмкін. Оның құны $50-70 мың, алайда мереке ұйымдастырушыларының айтуынша, Димаш тойға шығуды доғарып, тек концерттерде ғана өнер көрсетуді шешкен.

яндекс

Отандық поп музыканың патшасы Қайрат Нұртас болса, Димаштан 10 есе аз алады ($7 мың). Жарты сағатта ол 5-6 әнін айтып кетеді. Дәл осы соманы Төреғали Төрәлі, Нұрлан Абдуллин және Мадина Сәдуақасовалар сұрайды. Ал Динара Сатжанның қызметі $5 мың тұрады.

Ал Ресейдің ең мықты рэпері Скриптонит және L-ONE, мерекелік іс-шараның қандай болатындығына байланыста өз бағасын ұсынады, олар $15 мың шамасында алады. Jah Khalib пен Монатик болса, 20-25 мың евроға өнер көрсетсе, МС Сайлаубек $1 мыңға тойыңызға келуге әзір.

Өкінішке орай, «Шымкенттің қыздары» әнін орындаушысының бағасын біле алмадық дейді Zakon.kz, олардың «зың зың» теңге сұрауы әбден мүмкін.

Орыс әртістерінің бағасымен салыстырғанда, қазақ жұлдыздарының бағасы әлдеқайда арзан. Мәселен жүргізуші Иван ургант пен Лера Кудрявцева €50 мың, ал жарты сағатқа өнер көрсету үшін Стас Михайлов €70 мың алады. Сонымен қатар Светлана Лобода €50 алса, Полина Гагарина €40 алады.

Бұл бағалар event-агенттіктердің қызмет бағалары бойынша жасалды. Ал өзге қалаға жол жүру мен тұратын қонақүйдің бағасы бөлек төленеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір