• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:40:36
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 Экономика

Қазақстандық үш банктің акциялары 64 млрд теңге құнын жоғалтты

Жалпы алғанда, үш банктің нарықтық капитализациясы үш күнде 64 млдр теңгеге немесе 4,8%-ға қысқарған.

KASE-дегі сауда көлемі 2018 жылдың наурызында 10,1 трлн теңге болған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда  26,6% төмен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Finprom-ға сілтеме беріп.

Қаржы нарығының төмендеуі былтыр 12,9 трлн-ға дейін жетсе, осы жылы бұл көрсеткіш  9,3 трлн теңге болған. Шетелдік валюта бойынша сауда-саттық көлемі де құлдыраған.

Сауда көлемінің өсу көрсеткіштері тек құнды қағаздар нарығында – 111,9 млрд теңге болып тіркелген.

2018 жылдың алғашқы үш айында KASE-дегі келісімдердің 33,8 млрд теңге болған (былтыр -38,5 трлн теңге).

Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарының шиеленісуіне қарамастан, қазақстандық қор биржасының индексі РФ-ның негізгі индекстерінің төмендеуіне әсер етпеген.

Қазақстанда облигация мен активтер операциясы бар  Ресейдің мемлекеттік банктері санкцияға ұшыраған. Сбербанк пен ВТБ, екеуі де KASE-мен сауда қарым-қатынаста.  Бұл банктердің акциясы өткен аптада 23,3 және 13,3% құлаған.  

Халық банк акциялары аптаның басында 3,8%-113,42-ден 109,14теңгеге дейін төмендеген. ЦентрКредит банкінің қағаздары 2,6%-ға, Астана банкі  акцияларының бағасы 2,1%-ға арзандаған. Жалпы алғанда, үш банктің нарықтық капитализациясы үш күнде 64 млдр теңгеге немесе 4,8%-ға қысқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір