• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:52:38
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2018 Спорт

Қазақстандық теннисшілер Жапониядан жеңіліп қалды

Жұптық ойында Дияс пен Путинцева жапониялық Мию Като мен Макото Ниномия дуэтінен жеңілді

Қазақстандық теннисшілер Федерация кубогының екінші Әлемдік тобына өте алмады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жапонияға қарсы шешуші кездесуде отандастарымыз 2:1 есебімен ұтылды.

Алдымен, Зарина Дияс екі сетте Куруми Нареге жол беріп қойды (5:7, 4:6), артынша Юлия Путинцева Нао Хибинодан айласын асырды - 6:3, 6:4.

Жұптық ойында Дияс пен Путинцева жапониялық Мию Като мен Макото Ниномия дуэтінен жеңілді - 4:6, 5:7.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір