• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:05:01
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 Саясат

22, 23 мамыра Бішкек қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов бастаған қазақстандық делегация Орталық Азия елдері жастарының форумына қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Делегация құрамында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т. Қалиев, Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы І. Түстікбаев, Жастар іскерлік кеңесінің жетекшісі Қ. Сахметов бар.

Форум жұмысына Орталық Азия елдерінің, атап айтқанда, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Кырғызстан, Қазақстанның жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері мен жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Форум қатысушылары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік» 2250 Резолюциясын және бейбітшілікті тұрақты сақтаудағы жастардың рөлін күшейту мәселелерін талқылады. 

Жастар саясаты департаментінің директоры А. Оралов өз баяндамасында Форум қатысушыларын Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.

«Жастармен жүйелі жұмыс «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы» негізінде жүзеге асырылуда. Министрлік жанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қызмет етеді. Барлық өңірлерде жастармен адресті жұмысты жүргізу мақсатында 208 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеуде. 500 астам жастар ҮЕҰ белсенді қызмет етуде. Министрліктің бастамасымен әр өңірде жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша 2020 жылға дейінгі жоспарлардың жүзеге асырылуы басталды. Онда жастар инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті тартуға аса көңіл бөлінген», - деді А. Оралов.     

Асхат Оралов жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған әлеуметтік жобаларды дамытуда жастардың маргиналдануының алдын алу және оларды әлеуметтендіруге бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын атады.  

Сонымен қатар, А. Оралов Орталық Азия елдерінің өкілдерін ағымдағы жылы қазан айында Астана қаласында өтетін «Жастарға инвестиция» халықаралық конференциясына шақырды.

Форум қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, Орталық Азия елдерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2250 Резолюциясын жүзеге асыруға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір