• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:52:25
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Экономика

Қазақстандық бизнесмен Англияның ең бай адамдарының тізіміне кірген

Қазақстандық бизнесмен патшайым II Елизаветаның алдын орап кеткен.

Британдық  Sunday Times басылымы елдің ең бай адамдарының тізімін жариялады. Ол тізімге Англия азаматтарынан бөлек Біріккен корольдікте тұрақтап, табыс тауып жүрген бизнесмендер де кірді. Олардың арасында Қазақстандық Владимир Ким бар.

Sunday Times басылымының тізімінде қазақстандық бизнесменге 93-орын бұйырыпты. Оның байлығын британдық басылым 1,9 млрд долларға (1,4 млрд фунт) бағалады.

Тізімге сәйкес Владимир Ким патшайым II Елизаветаның алдын орап кеткен. Патшайым 344 орыннан көрінді, ал оның байлығын британдық басылым 370 млн фунтқа бағалады.

Forbes-тің 2018 жылғы ең бай адамдарының тізімінде Кимнің байлығы 3,1 млрд долларға бағаланып, әлемдік рейтингте 776-орыннан көрінді.

Ол – қымбат металдар өңдеумен айналысатын «KAZ Minerals» тобының президенті әрі акционері. KAZ Minerals бүгінгі таңда Лондонда да жұмыс істеп, мемлекеттік қазынасына ақша құйып отыр.

2010 жылы Владимир Ким акциясының жарты бөлігін сатып, 838 млн фунт пайда көрді. 2016 жылы Қазақстан үкіметімен сәтті жүргізілген келіссөздердің арқасында компания оған 454 мың фунт төледі.

Деректерге сүйенсек, Лондонның дәл орталығындағы One Hyde Park ғимаратында Владимир Кимнің пәтері бар. Ондағы ең арзан пәтердің құны – 20 млн фунт. Бизнесмен кей уақыттарда Қазақстанға да келіп тұрады.

Владимир Кимнен өзге тізімге ТМД елдерінің 15 миллионері кірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір