• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:42:48
Алматы
+35°

13 Сәуір, 2018 NEWS

Қазақстандық боксшының нокауты канадалықтарды таңғалдырды (видео)

Канадалықтар қатты таңғалды, кейбірі тіпті не болғанын түсінген жоқ, өйткені жекпе-жек өте қысқа болды.

Менеджер Анна Рева Sports.kz сайтына берген сұхбатында өзінің қазақстандық шәкірті Садриддин Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісін канадалықтар қалай қабылдағанын айта келе, бұл боксшының болашағы туралы пікірін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Канадалықтар қатты таңғалды, кейбірі тіпті не болғанын түсінген жоқ, өйткені жекпе-жек өте қысқа болды. Біздің промоутерлер оған үлкен үміт артып отырғанын ғана атап өте аламын. Жанкүйерлердің көбісі оны танымайтыны түсінікті, алайда бұл уақыттың еншісіндегі шаруа», — деп есептейді боксшының өкілі. 

Айта кетсек, Садриддин Ахмедов мексикалық Тони Баррерасты жекпе-жектің 31 секундында нокаутқа жіберді.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір