• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:52:51
Алматы
+35°

04 Наурыз, 2018 Спорт

Қазақстандық боксшы 1-раундта нокаутпен жеңіске жетті (видео)

Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жегінде қарсыласын 1 минут 52 секундта техникалық нокаутпен жеңді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.  Ол әлеуметтік желідегі парақшасына «Қуан, қазақ Мадияр Әшкеев қарсыласын 1 раундта құлатып жеңіске жетті», — деп жазды. Отандасымыз америкалық боксшы Хосе Антонио Абреумен жұдырықты. Жекпе-жек 1 минут 52 секундқа ғана созылды. Отандасымыздың Хосе Антонио Абреуге тиген жойқын соққысына қарсы тұра алмай, тізерлеп барып құлаған. Осыдан кейін,  төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл отандасымыз Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісі. Ол әлі бірде-бір жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсіргені.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір