• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:55:19
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 NEWS

Қазақстандық блогерлер Қарағандыда ереуілге шыққан кеншілерді сынады

Қазақстандық блогерлер Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан кеншілер жайында екінші бір пікір тудырды.

Қазақстандық блогерлер Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан кеншілер жайында екінші бір пікір тудырды. Мәселен Денис Кривошеев өзінің Facebook парақшасында шахта қызметкерлерін «жер астында ешкім ұстап отырған жоқ» деп жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Неліктен олар ереуілге шықты? Қол-аяғы сау, тепсе темір үзетін жігіттер өздерін басқа саладан табуларына болар еді», деді.

Блогердің ойынша, егер кеншілердің 100 пайызға жалақыны өсіру туралы талабын орындаса, көмір «алтынға» айналар еді.

Оған қоса, бұл талапты орындаса зейнеткерлердің де қалтасына ауырлық түсуі мүмкін деп, мысал келтірді.

Денис Кривошеев:  «Құрметті кеншілер, сіздердің жұмыстарыңыз қаншалықты ауыр екендігін білеміз, бірақ тек сіздерге ғана қиын заман болып тұрған жоқ, бәріміз де төзіп жүрміз ғой» деп жазды.

фейсбук

Кеншілердің әрекетін Сәкен Бектияр да сынап тастады, ол:

«Бес жүз адам үшін мыңдаған адамның неліктен сонша дүрліккені жайлы ойлағым да келмейді, іс жүзінде, кеңсе қызметкерлерін де шахтердің 150 мыңы қанағаттандырмайды», деп жазды желі қолданушысы.

Оған қоса, блогер компанияның атауын, яғни «АрселорМиттал Теміртаудың» Лондондық «Арсенал» деген атауға ұқсас жап-жақсы екендігін айтты.

«Кеншілер қазір жарығы бар жерде, тамақ жеп, радио тыңдап отыр, ал мұнда мыңдаған Фейсбук қолданушылары оларды ойлап қиналып отыр», деп кеншілерді сынап тастады.  

фейсбук

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір