• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:27:18
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2018 NEWS

Қазақстандық әлем бойынша Wi-Fi тарататын симка ойлап тапты

Қазақстанда өнертапқыш әлем бойынша Wi-Fi тарататын симка ойлап тапты.

Қазақстанда өнертапқыш әлем бойынша Wi-Fi тарататын симка ойлап тапты. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында хабарлады.

«Кейде үлкен болмаса да, жобалар адамды қызықтырады. Мәселен, сіз шетелге шыққанда роуминг бойынша көп шығынға бататыныңыз анық. Ал қазақстандық өнертапқыш сіздерге қолайлы симка ойлап тапты. Ол бүкіл әлем бойынша Wi-Fi таратады. Қай елге барсаңыз да, сол симка арқылы WhatsApp-ты да, Viber-ді де қоса аламыз. Және тегін қоңырау шала аласыз. Оны өзім де пайдалануға асықпын. Ең бастысы симканы қазақстандық ойлап тапты. Егер оны тиісінше қаржыландырмасақ, отандық өнім шетелдіктің қолына өтіп кетеді», - деді вице-министр.  

Тимур Тоқтабаев өзге де перспективалы жобаларды атады. Өз баяндамасында мұндай жобаларды дер кезінде қаржыландырып тұру маңызды екенін ескерді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір