• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:49:22
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 Саяхат

Қазақстандағы туризм: Жазда қайда демалуға болады?

Көкшетаудағы Бурабайды көпшілік Қазақстандағы Швейцария деп атайды. Оның өзіндік себебі де бар.

Егер елден шықпай жақсы демалғыңыз келсе, Qamshy.kz ақпарат агенттігі ұсынатын Қазақстандағы алдыңғы қатары демалыс орындарына назар салыңыз.  

Алакөл

«Жер жәннаты — Жетісуда» өзен мен көлдің қарасы қалың. Соның ішінде көлемі жағынан Балқаштан кейінгі екінші көл – Алакөл. Тұзды ағынсыз көл Алматы мен Шығыс Қазақстанның шекарасында орналасқан.

Алакөл

Алакөл — емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Жергілікті жердің ауасы дертке шипа болады.

Балқаш

Балқаш – жартылай ащы, жартылай тұщылығымен ерекше тұйық көл.

Балхаш

Керемет құмды жағажай, емдік балшықтың табиғи көздері бар ерекше демалыс орнының әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Нені назар аударуым керек? Көлдің жағасында Балқаш қаласында тау-кен металлургиялық комбинаты жұмыс істейді. Сондықтан осы елді мекеннен алыс демалыс аймағын таңдаңыз.

Бурабай

Көкшетаудағы Бурабайды көпшілік Қазақстандағы Швейцария деп атайды. Оның өзіндік себебі де бар. Бұл жерге тек қазақстандықтар ғана емес шетелдіктер де жиі келеді. Демалыс орны орман мен биік  таулардың және ашық көлдердің әсем комбинациясымен ерекшеленеді.

Бурабай

Бұл аймақта жасы жүзден асқан көне қарағайлы орман бар. Тау ауасы мен   қылқан жапырақты орман қаланың қым қуыт тіршілігінен шаршаған ағзаға емдік қасиетімен көмектеседі.

Курортта атпен жүруге, велосипедтерді жалға алуға болады және жергілікті бағыттаушылар да қызмет көрсетеді.  

Бұқтырма су қоймасы

 Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі бөген.

бұқтырма

Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы.

Алтай тауларында орналасқан Бұқтырма теңізінің сұлулығы  туристерді өзіне тартады. Ал рекреациялық аймақтардың басым бөлігі қарағайлы ормандармен қоршалған. Көз қуантарлық сұлулықпен қатар денсаулыққа пайдалы демалысты қаласаңыз, Бұқтырмаға барыңыз.  

Баянауыл

Баянауыл елді мекені – курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі: Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым.

баянауыл

Ең биік нүктесі – Ақбет тауы, ол 1026 мерт биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі – жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және т.б.), Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым) және Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, үңгірлер (Әулиетас 22 м) және Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м), тас шатқалдары және т.б. көрікті жерлердің болуы.

Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристерді қарсы алады, бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көптеп орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір