• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:27:21
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 NEWS

Қазақстандағы ең танымал 20 телеграм-канал

Оқырман назарына Қазақстандағы ең танымал 20 телеграм каналдың тізімін ұсынамыз.

Роскомнадзордың Телеграмды бұғаттауға бағытталған түрлі әрекеттеріне қарамастан қазақстандықтар мен ресейліктер бұл мессенджерді қолданудың ұтымды тәсілдерін пайдаланып жүр.  Осы орайда назарларыңызға Қазақстандағы ең танымал 20 телеграм каналдың тізімін ұсынамыз. Айта кету керек, тізімнің алғашқы бестігіне белсенді вайнерлер жайғасқан.

1. Bayzakova

@bayzakovaaizhan

Байзакова

Жазылушыларының саны: 100 777

Алғашқы орынға желіні жағымсыз қылықтарымен жаулап алған Айжан Байзақова жайғасты. Кері байланыс орнатылмаған Телеграм каналы Айжан үшін ыңғайлы желіге айналды. Ол мұнда өз суреттерімен бөліседі, ойларын ортаға салады. Instagram парақшасынан артықшылығы мұнда Байзақованы ешкім бұғаттамайды. Хейтерлер де мазасын алмайды.

2.BIRZHAN ASHIM’S BLACK

@birzhanashim

Ашимов

Жазылушыларының саны: 74 249

Біржан Әшімнің каналына астарлы әрі уытты әзілдерді түсінбейтін жандардың бас сұқпағаны жөн. Ол өз каналында көбінесе оқушы кезіндегі бастан кешкен қызықтарын баяндайды.

3.Yuframe

@yuframelabel

юфрейм

Жазылушыларының саны: 49 731

Вайнерлер Телеграмға тіркелу арқылы Facebook пайда болғанда танымал бола бастаған қолданушыларды екінші сатыға ығыстырып жіберді. Youframe – бұл үрдіске үлкен мысал бола алатын команда. Өздерінің каналдарында топ мүшелері шығармашылықтағы жаңалықтарымен, түсірілім кезіндегі қызықтарымен бөліседі.

4.Нагиграм

@nagigram

Нагимуша

Жазылушылар саны: 44 869

Instagram-ды өзінің қарапайым ғана болмысымен, бойындағы энергетикасымен жаулап алған Нағима өз каналында басынан өткен түрлі кездесулердегі шытырман оқиғаларымен, саяхат кезіндегі тап болған қызықтарымен бөліседі. Сонымен қатар Нағима музыкаға бейім. Каналына пианинода ойнаған видеоларын жүктеп, ерекше әсер қалдырады.

5. RASHEV

@yrashev

Рашев

Жазылушылар саны: 36 198

Рашев алғашқы бестікті қорытындылайды. Жыл басында оның каналы Қазақстандағы үздік телеграм-канал болатын. Алғашқыда кітабынан үзінді жарияласа, кейіннен криптоволюта қолданудағы тәжірибесімен бөлісе бастады. Қазір саяхаттау барысынан қысқаша ескертпелер жариялай бастады. Кейде жақсы музыкамен бөліседі. Мемлекетті сынаудан да қашпайды.

6. ALIBEKOV

@alibekovkz

Алибеков

Жазылушылар саны: 27 028

Бейбіт Әлібеков инстаграмда өзінің бизнесін жүргізсе, Телеграмда әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Сонымен қатар, Алматы қаласының жаңалықтарымен тұрақты бөлісіп отырады.

7. Alisher Yelikbayev Live

@yelikbayev

Еликбаев

Жазылушылар саны: 17 315

Әлішер Елікбаев Телеграмда Инстаграм мен Фейсбукке қарағанда сарказм мен иронияға толы жазбалар жариялайды. Осы үшін де оның каналы оқырмандар үшін ең қызықты ленталардың бірі саналады.

8. Bayan Maxatkyzy

@bayanofficial

Баян Алагузова

Жазылушылар саны: 14 388

Отандық шоу бизнестің ең танымал өкілі, продюсер Баян Алагөзова телеграм каналында  оқырман назарына авторлық кітабынан үзінділер ұсынады. Сонымен қатар, қол астындағы өнер жұлдыздары туралы да ақпарат беріп отырады. Баян Мақсатқызы Телеграм пайда болғалы топ-10 тізіміне енген. Аздап белсендірек болса топ-5 қатарынан көріп қалуымыз да ықтимал.

9. Q3 CHANNEL (Kairat Kudaibergen)

@q3channel

Қайрат Кудайбергенов

Жазылушылар саны: 12 507

Қайрат Құдайбергеннің соңғы кездері Телеграмдағы белсенділігі төмендеп кеткенімен, көп оқылатын каналдар тізімінде. Көбінесе бизнес тақырыбындағы ойларымен бөліседі. Өзінің  «Трансформатор Казахстан» бизнес клубының жаңалықтарын Телеграмда ғана емес Инстаграмда да белсенді түрде жариялайды

10. Канат Бейсекеев

@kanskirazpizdai

Кана Бейсекеев

Жазылушылар саны: 12 124

Телеграм пайда болғалы желі қолданушылары Қанат Бейсекеевті  талантты фотограф ретінде ғана емес, әңгімешіл азамат ретінде тани бастады. Қанат Телеграмда балалық шағы, саяхат, фильмдердің басты кейіпкерлерімен кездесуі туралы баяндайды.

11. SULTANKYZY

@sultankyzy

ләйлә

Жазылушылар саны: 9342

Ләйлә Сұлтанқызының телеграмы қазақ тіліндегі ең үздік каналдардың бірі. Ол өз каналында телевизиялық жобалары туралы жиі жазады. Көбінесе отандық шоу-бизнестің айналасындағы тақырыптарды қозғайды. Сонымен қатар оқырмандар арасында сауалнамалар жүргізеді.

12. Нурлан Байдильда

@baidilda

Байдильдаев

Жазылушылар саны: 9398

Егер сіз кез-келген жетістікке тендер арқылы жетуге болады деп есептесеңіз, Нұрлан Байділданы оқыңыз. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінде тендер тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізеді. Бизнес саласы бойынша түрлі әдебиеттерді оқуға ұсынады.

13. Джохар Утебеков, адвокат

@utebekov

Джохар Утебеков

Жазылушылар саны: 7620

Джохар Утебеков қазіргі таңда тек заң жөнінде жазбайды. Әлеуметтік мәселелерді жиі көтереді. Әсіресе Алматыдағы қоғамдық көлік мәселесін жиі қозғайды. Сонымен қатар Утебековты көпшілік соңғы кезде қаладағы қоғамдық орындардағы өртке қарсы қауіпсіздікті жіті бақылайтын азамат ретінде танып жүр. Джохардың парақшасы – алматылықтар үшін пайдалы ақпарат көзі саналады.

14. BALGABAEV

@balgabayevnews

Балгабаев

Жазылушылар саны: 6151

Егер сізге күн сайын мағыналы қалжың мен позитив жетіспесе міндетті түрде Ринат Балғабаевтың каналына жазылыңыз. Ирония мен мағыналы әзіл – елде болып жатқан жағдайға дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Бұл үрдісті Ринаттың парақшасынан үйренуге болады.

15.Saniya Ilyassova

@saniyailyassova

Сания

Жазылушылар саны: 5877

Визажист, "Saniya Ilyassova" салон желілерінің негізін қалаушы, іскер ару Сәния Ілиясова өз каналын бизнесін жүргізу үшін пайдаланбайды. Ол мұнда көбінесе өз ойларын, өмірге деген көзқарасын ортаға салады. Өзінің айтуынша Телеграм – жан дүниені ақтаруға арналған мессенджер.

16. Ablay Yussupov

@yussupovablay

Юсупов

Жазылушылар саны: 5449

Абылай Юсупов - Upgrade Group білім беру компаниясының директоры әрі негізін қалаушы. Ол СММ және маркетинг саласында жұмыс істейді. Оның каналында пайдалы дайджесттердің топтамасына, бизнес туралы әдебиеттер тізіміне, жұмыста белсенді болуға арналған кеңестерге, нәтижеге жұмыс істеу туралы пайдалы ақпараттарға қол жеткізуге болады. Абылай Юссупов өзінің парақшасын қарапайым, көптің көңілінен шығатын ыңғайлы форматта жүргізеді.

17. Kaliyev Channel

@kaliyevchannel

Калиев

Жазылушылар саны: 5145

Талғат Қалиев жеке каналында саяси оқиғаларға сараптама жүргізеді. Бұл - Қазақстандағы депутат, министр сынды шенділермен сұхбаттар жарияланатын жалғыз канал. Талғат Қалиев бұрын журналист болғандықтан жазу жағы оған қиындық тудырмайды. Ол көпшілік үшін ықшам мәтіндермен эксклюзивті ақпараттарды жиі жариялайды.

18. YEDILOV ONLINE

@yyedilov

Едилов

Жазылушылар саны: 4583

Қазақстандағы тағы бір саяси канал Ербол Еділовке тиесілі. Ол GR Consulting Group компаниясының басшысы. Кадрлық ауыс-түйістер, шенеуніктердің туған күні, рейтингтерді Еділов қашанда ең бірінші болып жариялайды.

19. Versus Club

@versusclub

Шонбай

Жазылушылар саны: 4266

Бизнес жүргізу мен тұлғалық даму жөніндегі ең танымал әрі ең сапалы каналды Қуаныш Шонбай жүргізеді. Ол тұрақты түрдегі ізденістің нәтижесінде бизнес көлемін ұлғайтқан табысты азаматтардың бірі.  Каналында бизнестегі тәжірибесімен тұрақты бөлісіп отырады.

20.Orken Kenzhebek Live

@orkeni

Өркен кенжебек

Жазылушылар саны: 3212

Соңғы кездері Өркен Кенжебектің телеграмдағы белсенділігі төмендеп кетті. Алайда оқырмандар оның жарияланымдарын тағатсыздана күтеді. Көбінесе әлемдік ірі компаниялардың бизнес кейстері туралы жазады. Сонымен қатар, дәстүр, саяхат сынды танымдық тақырыптарда да қалам тербейді.

Аударған: Арайлы Жақсылық

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір