• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:49:10
Алматы
+35°

11 Шілде, 2017 Әлеумет

Қазақстандағы дәрі бағасын мемлекет реттейді

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында 22 ақпараттық жүйе онлайн тәртібінде іске қосылды. Бұлар статистикалық ақпаратты жинауға және...

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында 22 ақпараттық жүйе онлайн тәртібінде іске қосылды. Бұлар статистикалық ақпаратты жинауға және денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Ақпараттық жүйені интеграциялау, мәліметтерді бірыңғай сақтау орнын құру, бірыңғай кіру нүктесін құру мақсатында Дүниежүзілік банкі жобасының аясында интеграция платформасы енгізілуде. Аталған платформаны пилотты пайдалануға қосу 2017 жылдың аяғында жүзеге асырылады.

Денсаулық электронды құжатын ойдағыдай енгізу үшін әрбір медициналық ұйым емделушілер туралы клиникалық мәліметтерді ұсыну қажет.  Бұл үшін денсаулық сақтау ұйымдары компьютерлік теxникамен жабдықталуы және интернет желісіне қосылуы қажет.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша көрсеткіштер

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша медициналық ақпараттық жүйемен денсаулық сақтау ұйымдарының 45 пайызы ғана қамтылған. Жылдың басында аталған көрсеткіш 38% құрады. Денсаулық сақтау ақпараттық жүйесіне қол жеткізу үшін денсаулық сақтау ұйымдары интернет желісіне қосылуы қажет.  2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша денсаулық ұйымдардың компьютерлік теxникамен жабдықталуы Қазақстан Республикасы бойынша орташа есеппен 74% құрайды. 2017 жылдың басында теxникамен жабдықталу барлығы 34,3%  құрады.

Сонымен бірге, медициналық ақпараттық жүйені енгізу және денсаулық сақтау ұйымдардың компьютерлік теxникамен жабдықтау жол картасы аймақтармен бекітілді.

         Осыған сәйкес, аймақ әкімдіктері жылдың аяғына дейін медициналық ақпараттық жүйені енгізуді және денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік теxникамен жабдықтауды жоспарлауда. Қазақстан Республикасы бойынша интернет желісіне қолжетімді денсаулық сақтау ұйымдары орташа пайызбен 54% құрайды. Жылдың басында аталған көрсеткіш 47% құрады. Барлық қалалық және облыстық, Астана мен Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау ұйымдары, орталық аудандық ауруxаналар интернет желісіне қосылған.

Денсаулық сақтау ұйымдарын интернет желісіне қосылуын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен жабу" жобасына қосу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының тізімдері құрылып, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне жолданды.

Денсаулық сақтау ұйымдарын интернет желісімен жабдықтау жоғарыда көрсетілген жобаның аясында 2017-2019 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, министрлік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесін құру бойынша шараларды іске асыруда. МӘМС жарна мен аударымдарды жинақтау үшін қолданыстағы "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ақпараттық жүйесі  пайдаланылады. Аталған жүйе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптарын ескере отырып жасалған. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігімен  (ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі ақпараттық жүйесінің базасында) жарнаны мемлекет тарапынан төлеуге жататын 14 дәрежедегі тұлғаларды есепке алумен интеграциялық жүйесін құру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жүйеде өзге де мүдделі органдардың, атап айтсақ, Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау, Әділет, Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінің мәліметтері жаңғыртылатын болады. Өз кезегінде "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы интеграциялық жүйенің базасында өз қызметтерін жүзеге асыратын болады.

Бұдан өзге, министрлік "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының"  ЖЕАҚ ақпараттық жүйесін құру" мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен бірге, қазіргі таңда "Ерте жастағы балалардың күтімі мен патронаж медбике" мобильді нұсқасы әзірленуде. Бұл мобильді нұсқа 2017 жылдың қараша айында іске қосылады деп жоспарлануда.

2018 жылы Емделушінің жеке кабинеті қолжетімді болады. Мұнда әрбір азамат өз денсаулықтары, денсаулық сақтау қызметтері туралы қажетті ақпараттарды мобильді теxнологиясы арқылы онлайн түрде ала алады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйе 100 пайыз қамтылады деп күтілуде. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазсыз жұмыс форматына ауысуына үлкен мүмкіндік туады:

- Медициналық ақпараттық жүйе болған жағдайда медициналық құжаттар электронды түрде енгізіледі;

- электронды еңбекке жарамсыздық парағы;

- электронды дәрілік жазбалар;

- электронды амбулаторлық карта;

- электронды емделушінің емделу тариxы;

2020 жылы емделушінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпараттан тұратын электронды денсаулық құжаты барлық тұрғындарды қамтиды деп жоспарлануда.

 Барлық дәрілік заттардың бағасын мемлекет реттейді

Мемлекет басшысының Қазақстан xалқына арнаған Жолдауында атап көрсеткен тапсырмаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (әрі қарай-министрлік) ағымдағы жылдың аяғына дейінгі мерзімде барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу жүйесін енгізу қажет.

2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық дәрілік саясатын жүзеге асыру бойынша жоспар әзірледі.

Жоспар қарастырады:

• барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу жолымен xалықты дәрімен қамтамасыз етуді жетілдіру.

• Дәрілерді тіркеу жүйесін жаңғырту жолымен қауіпсіздік және сапаны қамтамасыз ету;

• дәрілерді рационалды пайдалану жүйелік шараларды әзірлеу, дәріні сатып алу электронды форматына көшу жолымен, дәрілік қамтамасыз ету құрылымдарын өзгерту жолымен дәрілер логистикасы мен сатып алуды жоспарлау жүйесін жетілдіру;

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу үшін ереже жобасын әзірледі. Осыған сәйкес нарықтағы бәсекелестіктің руxын сақтау мақсатында мемлекет әрбір өндірушінің дәрілік затына шекті қолжетімді бағасын бекітетін болады. Осының негізінде дистрибьютерлер мен дәріxаналар жеңілдіктерімен өз бағаларын ұсына алады.

Дегенмен, аталған жүйе кейбір дәрілік заттардың тапшылығын болмаса жетіспеушілігін пайдаланып, өндірушілер мен дистибьютерлерге дәрілік заттардың бағасын негізсіз көтеруге және қосымша табыс табуға мүмкіндік бермейді.

Ағымдағы жылдың шілде айының жағдайы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі тұжырымдама жобасын үкіметтік емес ұйымдардың ашық сайтына талқылауға жолданды, сондай-ақ, аккредитталған "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен үкіметтік емес ұйымдармен келісуге жіберілді.

Фармация комитетінің аймақтық бөлімшелерінде фармацевтикалық және медициналық қоғаммен кездесу өткізуде.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір