• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:11:55
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Экономика

Қазақстанда ипотекалық қарыздарды субсидиялау тоқтатылды

Субсидияны тоқтату туралы қаулы жаңа қарыздарға ғана қолданылады.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында ипотекалық қарыздарды субсидиялауды тоқтатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысының шешімі мен ҚР Ұлттық Банкінің «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске қосуына сәйкес, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, оның еншілес ұйымы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Ипотекалық несиелендірудің мүмкіндігін арттыру» бағытын – «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүргізілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды тоқтатады.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады. Бағдарлама әрекет еткен уақыт ішінде 37,21 млрд. теңге сомасына 3 566 қарыз мақұлданды. Соның ішінде, 2017 жылдың жеті айында - 13,3 млрд. теңге сомасына 1303 қарыз, 2018 жылдың бес айында 23,9 млрд. теңге сомасына 2 263 өтінім қабылданды.

Ағымдағы жылдың қаңтарында мақұлданған қарыздар сомасы шамамен 4 млрд. теңге, ақпан айында - 3,66 млрд. теңге, наурызда - 3,7 млрд. теңге, сәуірде - 4,4 млрд. теңге, мамырда - 3,8 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың маусым айында 20 күн ішінде компанияға 4,3 млрд. теңге сомасында 385 өтініш түсті.

Субсидиялау бойынша жұмыстарды «ҚИК» ИҰ» АҚ екінші деңгейлі банктермен: «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша) бірлесіп жүзеге асырды.

Субсидияны тоқтату туралы қаулы жаңа қарыздарға ғана қолданылады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ағымдағы шарттар бойынша субсидиялауды шарттарда көрсетілген талаптарда жалғастырады.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір