• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:31:09
+35°

30 Маусым, 2018 NEWS

Қазақстанда виза беру тәртібі өзгереді

Қазақстанға келетін шетелдіктердің шақыру қағаздарын тапсыру мерзімі қысқартылды.

Қазақстан шетелден шақыруды рәсімдеу және виза беру тәртібін жеңілдетеді. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады. Қолданыстағы ережеге енгізілген тиісті өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енбек.

«Қазақстанға келетін шетелдіктердің шақыру қағаздарын тапсыру мерзімі қысқартылды. Қазақстан Республикасына келуге шақыру визаны алушының болжамды келу күнінее кемінде 5 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс. Бұған дейін ол мерзім 14 күн болатын», - деген ІІМ ақпаратынан үзінді келтірілген.

Министрліктің хабарлауынша, шақыруда келетін адамның тұратын жері мен қозғалыс бағыттары көрсетілгендіктен, виза алған шетелдік азаматқа көші-қон органдарында тіркеуде тұру қажет емес.

 

Қазіргі кезде Қазақстанға ондаған мемлекеттің азаматтары визасы келе алады. Еуропа Одағы елдері, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыне кіретін елдердің, Біріккен Араб әмірліктері, Малайзия, Монако мен Сингапур азаматтарына Қазақстанға 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз келулеріне болады. АҚШ азаматтары Қазақстан территориясында 30 күн визасыз жүріп-тұра алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір