• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:36:19
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 Спорт

Қазақстанда үздік бокс төрешілері марапатталды

Көп жағдайда «төрешілер әділетсіздік жасады» деп арызданып жатады. Негізі мұның бәрі төрешілердің біліктілігінің төмендігінен.

19 ақпанда Қазақстан Бокс федерациясының төрешілік комиссиясы 2017 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Үздік рефери» атағына Қайрат Жұманқұлов ие болды, «Үздік төреші» – Ержан Оспанбек, «Халықаралық аренадағы ең үздік төреші» – Наталья Цой. Жеңімпаздарға 1 000 000 – 1 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Үздік төрешілер

Қазақстан Бокс федерациясы 2017 жылы 42 спорттық іс-шара өткізген. Оның ішінде әр түрлі жастағы боксшылар арасында алты рет республика чемпионаты өткізілді. Барлық байқауға 79 төреші қатысты.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда Халықаралық бокс қауымдастығының ең жоғары санаты «3 жұлдызға» ие 9 төреші, «2 жұлдызға» ие 10 төреші және «1 жұлдызға» ие 15 төреші бар.

Халықаралық дәрежедегі төрешілермен қоса, басқа санаттағы төрешілердің де саны көп. Былтыр ондай төрешілерге арнап екі семинар мен үш аттестация өткен, 2018 жылы осындай іс-шаралар көбейеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан федерациясы боксының вице-президенті Бауыржан Оспанов айтты.

Біздің міндетіміз – жаңа, жас төрешілерді тәрбиелеп шығаруБылтыр халықаралық деңгейдегі шетелдік мамандардың, тәжірибелі төрешілердің қатысуымен семинарлар мен аттестациялар өтті.

Көп жағдайда «төрешілер әділетсіздік жасады» деп арызданып жатады. Негізі мұның бәрі төрешілердің біліктілігінің төмендігінен. Егер олардың дәрежесі біздің спортшыларымызбен теңессе, Қазақстан құрамасына үздік балалар кіретін болады. Бәрі төменнен басталуы керек. Аудандық, облыстық турнирлерден, Қазақстан чемпионаттарынан үздік спортшыларды саралап алуымыз керек.

Сонымен қоса, спортшыларға «жерлесім екен» деп көмектесу де орынсыз. Қазақстан құрамасына үздіктің үздігі ену керек. Себебі халықаралық жарыстар мен әлемдік ареналарда олар аудан, облыстың емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғайды. Сол үшін біз жыл ішінде әр жарыстан соң балл қойып, үздік төрешілерді анықтап, оларды марапаттадық.

– Төрешілерді қалай және қайдан жинайсыздар?

Былтыр біз алғашқы 50 қазақстандық төрешіні барлық ауданнан жинадық. Солардың арқасында семинарлар мен аттестациялар өткізіп тұрамыз.

Былтыр 10 адам төрешілер қатарынан шығарылды. Олардың орнына жаңа 10 төреші келді. Көбінің тәжірибесі мол. Ендігі жолы төрешілерге қатысты талаптар күшейеді. Қателік жібергендер бірнеше жыл тер төккен еңбектеріне қарамастан қатаң жазаланады. Тіпті, өмір бойына дисквалификациялануы мүмкін.

Қазір біз төрешілікке әйел адамдарды тартуды жоспарлап отырмыз. Халықаралық тәжірибе мен AIBA ұсынысына сәйкес, төрешілердің 30 пайызы әйел адамдар болуы керек. Бізде төрешілікке ниет білдірушілер көп. Бәрі ашық түрде өтетін болады. Төреші болуға ниетті адам аттестация тапсырса, біз жаңа мүмкіндік беруге қашан да дайынбыз.

– Жалпы Қазақстанда қанша төреші бар?

Төреші көп. Тек олар 3 дәрежеге бөлінеді. Ал Қазақстан бойынша белсенді түрде төреші болып жүрген 50 төреші бар. Жалпы саны 100-ден асады.

– Қазақстандық төрешілерді шетелдегі халықаралық жарыстарға шақырып тұра ма?

Қазақстан бокс державасы болғандықтан, шақыртулар да көп. Тек қаржы мәселесі қысып тұр. Сондықтан біз былтыр облыстардан ең болмағанда үш-төрт төрешіні қаржыландыру мәселесін көтердік. Федерация небәрі 10 төрешіге айлық төлейді. Оның өзінде көп емес. Ал қалғандары жарыстарға шығуына байланысты алады. Төрешілеріміздің әлемдік аренаға шығып тұруы Қазақстан имиджін де көтеретін еді. Бүгінде оларға қоятын бір талабымыз бар – біліктілігі жоғары әрі әділ болса дейміз. Біздің спортшыларымызға одан артық көмектің қажеті жоқ. Себебі Қазақстанда әр екінші азамат боксқа қызығады, төрешілердің әділетсіздігін де бірден байқап қояды.

Наталья Цой

«Халықаралық аренадағы ең үздік төреші» марапатына ие болған Наталья Цой еңбегінің бағаланғанына ризашылығын білдірді. Кәсіпқой боксшы болған Наталья төрешілік қызметпен 10 жылдан бері айналысып келеді. Оның айтуынша, боксшы болу мен төреші болудың арасында жер мен көктей айырмашылық бар.

– Боксшы тек өзі үшін жұдырықтасады, өзінің қамын ойлайды. Ал төреші өзгелердің әділ бағалануын қадағалайды. Сондықтан екеуі екі бөлек дүние, – деді төреші әйел.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір