• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:25:05
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 Аймақтар

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға конкурс жариялады

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға конкурс  жариялады. Өтініштер ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қабылданады.

Сыйлықақы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарға 15 бағыт бойынша беріледі.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ҮЕҰ деректер базасына мәліметтерін уақытылы тапсырып отыратын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Бір үкіметтік емес ұйым бір мезетте бірнеше номинация бойынша сыйлықақыға үміткер бола алмайды. Сыйлықақыға бір мәрте ие болған үкіметтік емес ұйым үш жыл ішінде конкурсқа екінші рет қатыса алмайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың байқауға қатысу туралы өтініштері      ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне жіберілуі тиіс. Байқауға қатысу үшін өтініш және сауалнама нысаны, сыйлықақыға үміткер ұйымның қызметінің сипаттамасы, қоғамдастық өкілдерінің ұсынымдары (ҮЕҰ) және (немесе) мемлекеттік органдардың  ұсынымдары, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері, банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа) болуы керек.  Құжаттар 2018 жылдың  1 шілдесінен бастап   1 қыркүйекке дейін қабылданады.  

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын. 

Аталған Заңның қабылдануы сыйлықақы алуға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігін кеңейтеді. Бұрын ҮЕҰ сыйлықақы алу үшін жыл сайынғы конкурсқа бір рет қатысып, одан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатыса алмайтын. Заң қабылданғаннан кейін өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеңімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар келесі жылдары да сыйлықақы алуға үміткер бола алады.  

Байқау жыл сайын өткізіледі. Биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр 59 ҮЕҰ өкілдері сыйлықақы алды, оның көлемі 4 млн теңгеден астамды құрайды.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір