• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:27:51
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Денсаулық

Қазақстанда туберкулезден көз жұматындардың саны артып келеді

Туберкулез әлем бойынша инфекциялық аурулардың көшін бастап тұр.

Қазақстанда СПИД ауруларынан гөрі туберкулез ауруына шалдығып, қайтыс болатындардың саны артып келеді. Бұл туралы «Стоп ТБ» серіктестігінің атқарушы хатшысы Лучика Дитиу Орта Азия елдері бойынша туберкулезді шекаралық бақылау кеңесінде мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөздеріне сүйенсек, туберкулез әлем бойынша инфекциялық аурулардың көшін бастап тұр. Озық технология мен медицинаның дамуына қарамастан жағдай еш өзгеріссіз.

Дитиудың айтуынша, барлық аурулардың 10%-ы мигранттарға тиесілі, сондықтан ауруларды бақылау қиынға түседі. Іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатында Астана Орта Азия елдерімен диалог құрған.

Шара барысында қатысушылар туберкулезбен күрес мәселелесін талқылады. «Туберкулезді жою» ДДСҰ стратегиясын жүзеге асыру мәселесі көтерілді.    

Фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығының директоры Мәлік Аденовтің сөзінше, 2017 жылы туберкулезбен ауратын 9 мың адам тіркелді. Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда оның 52-сі туберкулез ауруына шалдыққан.

2017 жылдың тамызында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі соңғы 10 жылда туберкулез ауруынан көз жұматындардың саны 5 есеге азайғанын хабарлаған.

2016 жылдың 31 мамырында Қазақстанда туберкулезден емделуге бас тартып жүрген 68 адам іздестірілген. Бас прокуратура ауруға шалдыққан адамдардың жауапкершілігі де мықты болу керек екенін жеткізген еді, себебі жұқпалы аурудың өзге адамдарға тарап кетпеуі маңызды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір