• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:11:16
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 Экономика

Қазақстанда сауда сөрелері қытай жеміс-жидегінен қашан арылмақ?

Бүгін Алматыда 7-ші Орта Азиялық «Сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторының өсу келешегі» форумы өткен болатын.

Бүгін Алматыда 7-ші Орта Азиялық «Сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторының өсу келешегі» форумы өткен болатын. Форум аясында болған баспасөз мәслихатында «Қазақ сауда сөрелеріндегі қытайлық тауарларды қазақстандық өнімдер қашан  алмастырады?» деген сұрақ талқыланған еді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Бұл өзекті сұрақ Алматы қаласындағы дүкендерде сатылатын сапасыз қытайлық көкөністер мен жемістер жөнінде болды.

«Қазақстандық сауда сөрелерінде қашан тек қазақстандық өнімдер сатылатын болады»?,- деген сұраққа Райымбек Баталов мырза жауап берді:

«Қазіргі таңда елімізде белгілі бір нарықтың қалыптасқаны рас. Елімізде көктемгі, жазғы және күзгі мерзімде Орта Азияда және Қазақстанда өсірілген көкөністер мен жемістер саудаланса,  қыста бұл өнімдер көбіне Қытайдан әкелінуде. Оның себебі, көкөністерді өсіретін жылыжайлардың аздығы. Оған қоса, біздің елде жылыжай салу Қытай мен Өзбекстанға қарағанда әлдеқайда қымбат. Дегенмен, бүгінгі күні бұл мәселенің шешімі табылып келе жатыр, өйткені жылыжайлар салуға көптеген инвестициялар салынуда»,-деді.

«Қазақстанда жылыжайларда өсірілген тауарлар жеткілікті болған күннің өзінде, қыс мерзімінде олар Ресей мен Сібір аймағына экспортталады. Өйткені онда өнімдерді қымбатқа сатуға болады. Осы арада тепе-теңдіктің бұзылуына көз жеткізуге болады. Ішкі нарықта өндірілген тауар сыртқы нарықта қымбатырақ бағаланады. Сондықтан, өндірістік саланы барынша дамыту қажет, сонда ол ішкі де, сыртқы да нарықты қамтамасыз етуге жетер еді».

Қытайлық өнімдерге келсек, Райымбек мырза, бұл тауарлардың қазақстандық сөрелерден жойылмайтындығын айтты. Оның себебін еліміздің ашық нарықта, ашық сауда қарым-қатынас жасағысы келетіндігімен түсіндірді.

«Менің ойымша, қазақстандық жеміс-көкөніс өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді аямау керек. Назар салсақ, алматы қаласының өзінде тек бірнеше ірі жылыжайлар ғана тұрақты жұмыс істеп тұр. Осы мәселе бойынша, Өзбекстаннан үйренер нәрсе өте көп. Алайда Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіптің дамып келе жатқаны белгілі. Жылдан жылға бұл беталыс дами түседі деген үміттемін».

Сонымен қатар, Баталов мырза қазақстандық сауда-саттықты жүйеге келтіріп, сауда орындарының санын арттыруды ұсынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір