• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:19:48
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 Әлеумет

Қазақстанда қыздарға некесіз бала тәрбиелегеннен сәбиін тастап кеткен оңай

Қазақстанда бірер жыл бұрын ұятмен атты жаңа кейіпкер пайда болды

Qamshy.kz ақпарат агенттігі eurasianet.org сайтында жарияланған «Қазақстан: Мораль сақшылары әйелдердердің әрекетін бақылағысы келеді» атты мақаланы қазақшаға аударып, ықшамдалған нұсқасын назарларыңызға ұсынады.

Қазақстанда бірер жыл бұрын ұятмен атты жаңа кейіпкер пайда болды. Оны алматылық белгілі суретші-карикатурашы Мұрат Ділманов жасады.

Жақында ұятмендер Айжан Байзақованың Zakova түнгі клубында жасаған әрекетіне қарсы бас көтерді. Көп ұзамай 22 жастағы Айжан Байзақова үш күнге қамалды. Түнгі клубы жабылды.

Осыдан екі жыл бұрын да ұятмендер шуласқан еді. Ол кезде Астанадағы ер адам мен әйелдің мүсіні қызу талқыланды. Қала тұрғындары мүсінде әйелдің көкірегінің пішіні көрініп тұрғанына наразылық білдірген. Олардың арасында Талғат Шолтаев та бар. Ол қыздың денесін орамалмен жауып қойған болатын.

Талғат Шолтаев отандық телеарнаның біріне берген сұхбатында мүсіннің аналар мен әпке-қарыдастарды ұятқа қалдыратынын айтқан.

Сол кезде Ділманов мүсінді жапқан Талғат Шолтаевтың орамалына ұқсас шәліге оранып алған, толықша келген сатиралық кейіпкерді ойлап тапты.

- Қазақстанда ұяттың екі түрі бар: жасампаз және қирататын. Бірінші жағдайда – баланы дұрыс тәрбиелеу, ал екіншісінде – агрессия жатыр, — дейді Ділманов.

Ал әлеуметтік және саяси зерттеу орталығының президенті Гүлмира Илеуованың ойынша, Қазақстанда ұжымдық сана қалыптасқан қоғам бар. Онда ер адам басты әрі маңызды рольде. Әлеуметтанушының ойынша, елде мәдени идеологияны іздеу процесі жүріп жатыр.

- Қазақстанда қыздарға некеден тыс бала тәрбиелегеннен гөрі сәбиін дәретханаға тастап кеткен оңай. Осындай моральдық құндылық формасында екіншісі тәуірірек болып көрінеді, - дейді Гүлмира Илеуова.

Расында да, қазір туған баласын өз қолымен өлтіріп, дәретханаға батырып, қоқысқа тастап кеткен оқиғалар жиілеп кетті. Кәмелет жасқа толмағандардың жүкті болғанын да еститін болдық. Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының дәрігері Нұрбол Аханов оның түп-тамыры қыз баланың қазақ қызына тән қылық танытпағандығының нәтижесі деп біледі.

- «Ер адам бұзылса, отбасы ойран болады. Егер әйел бұзылса, бүкіл халық ойран болады» деген сөз бар. Мұнда тек мәдени, моральдық құндылықтар ғана сөз болып тұрған жоқ. Ондай қыздарға оң мен солын танымаған кәмелет жасқа толмағандар қызығады, еліктейді. Осыдан жасанды түсік жасатқандар мен кәмелет жасқа толмағандар арасында бала көтергендердің саны артады. Сонымен қатар, ВИЧ секілді аурулар пайда болады, - дейді дәрігер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір