• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:51:30
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 NEWS

Қазақстанда өлім мен туу көрсеткіші қандай?

Жыл басынан ағымдағы күнге дейін тірі туғандар 373 201, ал дүниеден озғандар саны - 125 561

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті іске қосқан Қазақстан Республикасының тұрғындар санын есептеуіші бойынша Қазақстанда әрбір 81 секундта 1 адам тірі туады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2017 жылдың басында халық саны 17 917 915 адамды құраған. Ал ағымдағы сәтте 18 146 778 адамға жеткен. Оның ішінде ер адамдардың саны 8 785 273-ті құраса, әйелдер 9 361 505-ке жетіп отыр.

Ағымдағы айдағы демографиялық оқиғаларға шолу жасасақ:

  • Әрбір 8 секундта 1 адам (нәресте) дүниеге тірі туады;
  • Әрбір 216 секундта 1 адам дүниеден озады;
  • Әрбір 1847 секундта 1 адам елге келеді (иммигрант) ;
  • Әрбір 1410 секундта 1 адам елден кетеді (эмигрант) ;

Жыл басынан ағымдағы күнге дейін тірі туғандар  373 201, ал дүниеден озғандар  саны - 125 561.

Бұдан бөлек, елімізге келіп-кетіп жүрген адамдардың санына шолу жасасақ: Қазақстанда иммигранттардан бұрын эмигранттар, яғни елден кететіндер басым болып тұр. Жыл басынан бері 15 253 адам келсе, 34 347 шекара асып кеткен. Ал жалып өсім 228 546-ны көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда халықтың 15 жасқа дейінгі саны 21,6 %-ды құраса, 15 жастан 65 жасқа дейінгі халық саны – 71%-ға тең. Ал 65 жастан асқан адамдар саны 7,4 %-ды құрап отыр.

15 жастан кіші адамдар саны 3 890 984-ті құраса , оның ішінде ер адамдар – 1 987 807, ал әйелдер – 1 903 177. Ал 15 жастан 65 жасқа дейінгі (14 жастан асқан және 65 жасқа толмаған)  халық саны – 12 890 235 болса, оның ішінде ер адамдар – 6 246 903 болса, әйелдер – 6 573 332. Ал 64 жастан асқан ер адамдар саны – 456 532, әйелдер саны 876 974.

Ал Қазақстандағы ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығына келер болсақ, ер адамдар 63,2 жас, ал әйелдердің 74,1 жыл өмір сүруі күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір