• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:06:54
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 NEWS

Қазақстанда мектептер мен ата-аналар арасында шарт бекітіледі

Педагогтарды қорғау өте маңызды мәселе. Бүгінде біз Үкімет қаулысына өзгеріс енгізудеміз, яғни бұл білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережесіне қатысты

ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Қазақстанда мектептер мен оқушылар және олардың ата-аналары арасында келісім бекіту жоспарланып отыр. 

Бұл жайында  Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

«Педагогтарды қорғау өте маңызды мәселе. Бүгінде біз Үкімет қаулысына өзгеріс енгізудеміз, яғни бұл білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережесіне қатысты. Осы үлгілік ережелерде «келісімшарт» деген жаңа түсінікті енгізудеміз. Атап айтқанда, бізде балабақшаларда, университеттерде келісімшарттар бар. Алайда осындай құжаттар мектептерде, мектеп пен ата-аналар арасында бүгінге дейін болған емес. Сондықтан біздің педагогтарды қорғау мақсатында, сондай-ақ әр тараптың құқығы мен міндеттемелерін регламенттеу үшін мектептерде міндетті түрде келісімшарттарды бекітуді енгізу туралы шешім қабылдадық. Бұл тұрғыда кім не үшін жауапты екендігі айқындалады. Біздіңше, бұл қадам бүгінде байқалған проблемаларға өз әсерін тигізетін болады», - деді Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір