• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:35:32
Алматы
+35°

30 Шілде, 2016 Шаруашылық

ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТИФУНДИСТІК ФЕОДАЛИЗМ ОРНАДЫ

Қазақстанда латифундистік феодализм орнады. Әрине, Кулагин, Розинов,Терещенко (автор тек  бұл кедейсоқ фамилияларды мысал ретінде алып отыр) өз жерін өзі...

Қазақстанда латифундистік феодализм орнады. Әрине, Кулагин, Розинов,Терещенко (автор тек  бұл кедейсоқ фамилияларды мысал ретінде алып отыр) өз жерін өзі жыртпайды. Ол үшін феодалдық ренталық қатынастар пайдаланылады. Сол жерлерді біреулер игереді: көктемде, немесе күзде жыртады, егін егеді, бидайды қырманға апарып аршиды, кептіреді, қысқа сақтайды және шет елге немесе ішкі рынокқа сатады. Егер де бұл меншік түрі жұмыс істесе онда бізде тиянақты шаруашылық механизмнің бар екенін көрсетеді. Феодализм дегенімізм жер меншігіне негізделген аграрлық қатынастар. Қазақстанда рентабельді бидай шаруашылығы қалыптасты. Қазақстан әлемде ең ірі бидай және ұн сатушы мемлекеттердің бірі. Ал, ет өндіру мен сүт өндіру ойдағыдай емес.Бірақ бір- екі дағдарыстан кейін ол сала да қалпына келер.

Бұл азиялық өндіріс типінің (азиатский способ производства) бізге тиісті түрі. Біздің биліктің экономикалық және әлеуметтік базасы деуге болады.Азиялық өндіріс типі феодализмнен көп бұрын,кезінде Маркс айтқандай, рулық-тайпалық қатынастар кезінде азиялық мемлекетерде дүниеге келген және феодализм формациясында институционалдық бір түрінде дамыған.Европада феодализм тек классикалық европалық формасында бір мың жылдай дәуірлеген. Яғни, біздің дәуіріміздің ҮІ ғасырынан бастап -біздің дәуіріміздің ХҮІ ғасырына дейін жасады. Одан кейін Европада Буржуазиялық-демократиялық революциялық оқиғалардан кейін жойыла бастады. Қазақстандағы бүгінгі заман феодалдық латифундизм Батыс европалық феодализмнен және Қазақ хандығындағы феодалдық қатынастардан да өзгеше. Бірақ, феолализмнің екі шарты сақталады. Ірі жер меншігі-латифундиялар және арендалық қатынастар амалдары. Біздің елде бір мәрте феодалдық латифундизм бұзылған, бірақ 1917-1921жылдары бұзыла бастап, 1929-1934 жылдарда қайта жаңғырып шыға келді.Қазақ колхоздардан қалаға ,не шет елдерге қашты,қырылды.Аяғы ортағасырлық басыбайлық құқық(крепостное право) орнады, қысы жазы жұмысқа еңбек төленбеді(«трудодень» деп аталатын еңбек күн есебі жүрді, ол іс жүзінде тек өлмес күн ақысын (необходимый труд) беріп отырды деген сөз) еркін көші-қон құқығы жойылды.1990 жылдары колхоз-совхоз (ұжымдық шаруашылық деген мазмұн береді) жүйесі жойылды.Бірақ колхоз-совхоз жүйесінің жойылуы фермерлік шаруашылықтың басымгерлігіне әкелмеді, қайтадан «қызыл директорат» пен компартия мен кеңестік жүйенің әкімшілік әрекеттерінің арқасында қайтадан модификацияланған феодалдық латифундизм орнады.Әрине, бәрі де заңсыз жолмен жасалды, әрине, бәрі де бүгін заңдастырылды.Соттассаң жеңілесің, өз бауырың өзіңнің мойныңды үзіп жібермесе.Азиялық өндіріс жүргізу әдісі азиялық билікті қажет етеді.Азиялық билік дегеніміз деспотиялық билік және соған сәйкес автортарлық билік.[1]

Аталған жағдайдан құтылудың бірнеше жолы бар.Бірінші жол, революциялық жол.Мен революциялық жолды сипаттауға бара алмаймын.Екінші жол, ол реформаторлық жол.Айталық, бір қатар билік өкілдері дағдарыстан шығу жолы ретінде реформалар, яғни латифундизмді тәркілеу әдісі арқылы жоюды орындайды.Үшінші жол,ол Ресейді қатты дағдарыс болып, бізді де феодалдық институттарды жою жолына итермелейді.

Ешбір билікөз экономикалық негізін оңайлықпен бұздырмайды.Сонымен біздің билік табиғи және феодалдық рентаға негізделеді.Біздің биліктің келесі тұғыры-ол банк капиталы.Банктер еліміздің ірі олигархтар иелігінде.Қазақстанда алғашқы капиталдың қалыптасуы криминалдық болып туса да бүгінгі күні капитал легитимденді және халықаралық сипат алды.Қазақ баласы,немесе шалақазақ баласы, немесе мүлде қазақ баласы емес қазақстандық тұлғалар доллармен санағанда миллиардтаған қаржы жинады. Олар өз капиталын қауіпсіздендірді және әртараптандырды: бір бөлігі бізде, екінші бөлігі-Еуропа мен АҚШ та, оффшорларда ақшаға ақша қосып жатыр. Ал, басқа салалар қалай? Ия, басқа салалардада табиғи ресурстады игерумен айналысады-олардың маңыздысы-мұнай игеру және оны сату және сол сияқты ұран өнімдерін өндіру және сату. Қазақстанда түрлі түсті және қара металл өндіру дамыған десе де болады. Олар да экспортқа бейімделген. Ең соңғы республикалық денгейде дамыған сала- ол ақылы қызмет көрсету саласы.

1. Азимбай Гали. Как поднять на недосягаемую высоту имидж Назарбаева. Чтобы его ставили в пример все последующие поколения 04-06-2016 kz.flynews24.ru;Азимбай Гали Восточная деспотия и казахосфера. zonakz.net«Старый НАВИГАТОР»24 февpаля 2000;Азимбай Гали Азиатский способ производства и перспективы аграрных преобразований в Казахстане openrussia.org  20-05-2016

Әзімбай Ғали

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір