• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:23:02
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 Экономика

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады

Мал шаруашылығы өнімдері 1,6% -ға көтерілсе, өсімдік шаруашылығы өнімдері 0,3% -ға төмендеді.

2018 жылдың наурызында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ауыл шаруашылығының өнімі 0,4%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мал шаруашылығы өнімдері 1,6% -ға көтерілсе, өсімдік шаруашылығы өнімдері 0,3% -ға төмендеді.

2018 жылдың қаңтары мен наурызында қарақұмық жармасы – 2,7%, қара бидай – 1,8%, бидай - 0,4%, жүгері –  0,3%, сұлы – 1,6%, тары – 1% ,күріш – 0,4% -ға қымбаттады.

Ішкі топырақ қияры 24,1% -ға, қырыққабат – 5,1% -ға, қызанақ – 3,4% -ға, картоп пен қызылша – 0,5%, сәбіз –  0,8% -ға, пияз – 0,4% -ға арзандады. Бұршақ бағасы 4%, күнбағыс тұқымы 3,7% төмендеді.

Құс етіне – 3,3%, ірі мүйізді ірі қара мал –  2,2%, шошқа – 1,9%, жылқы - 0,9%, қой бағасы –  0,6% -ға өсті. Сүт шикізаты – 3,6%, қой жүні – 1,1%, тауық жұмыртқасы – 4%-ға қымбаттады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір